Сараптама • 06 Желтоқсан, 2023
Цифрлық үдерістің әл-ауқатқа әсері
Орталығы Вашингтонда орналасқан әлемдік «Pew Research Center» зерттеу орталығы таяуда цифрлық өмірдің адамзат баласына әсері туралы зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялады. Орталық жүргізген зерттеуге қатысқан респонденттердің жартысына жуығы цифрлық өмірдің адамға оң ықпалынан гөрі алдағы уақытта теріс жақтары басым болатынына бірауыздан келіскен.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Елордада «Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Халықаралық волонтерлер күні аясында ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің әлеуметтік, қоғамдық өміріне белсене араласып, мұқтаж жандарға қолұшын созып жүрген 47 волонтер мен волонтерлік ұйым үздік деп танылды.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2023
Трансшекаралық хабтарды дамыту
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері жөніндегі жедел жұмыс тобының IX отырысында «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің өткізу қабілетін кеңейту және басқа да жобаларды іске асыру барысы егжей-тегжей қаралды.
Балалар • 06 Желтоқсан, 2023
Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Отбасы-неке қатынастарынан туындайтын дауларды қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер» тақырыбына арналған отырыс өткізді.
Үкімет • 06 Желтоқсан, 2023
Мұғалімдікті таңдағандарды Үкімет қолдайды
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автокөлік құралдарымен жүк тасымалдау және транзитті дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ республикадағы барлық деңгейдегі педагог кадрларды даярлау жөніндегі шаралар да талқыланды.