Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2023
Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандары – жер көлемі шағын әкімшілік бөліністер. Биыл қарашада елімізде алғаш рет қанатқақты режімде өткен сайлауда осы үш ауданның әкімін халық өзі сайлаған еді.
Тағзым • 06 Желтоқсан, 2023
«Астана Опера» театрының Үлкен залында аса көрнекті композитор, дирижер, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған « Ұлы Мұқаңа мұрагерлерінен тағзым» атты концерт өтті. Музыкалық кешті Қазақстан композиторлар одағы ұйымдастырды.
Құқық • 06 Желтоқсан, 2023
Бірер жыл бұрын елімізде баласының алдындағы борышын өтеуден жалтарғандарға жаза күшейтіліп, айыппұл мөлшері өсті. Алайда ата-аналық парызын орындауға келгенде құлықсыздық танытатындардың саны азайған жоқ. Себебі бала ақысын бермеудің сан амалын қарастыратын борышкерлердің заңды сырт айналып кетуге мүмкіндігі мол. Сондықтан қашқын ата-аналарды жауапкершілікке тартқызып, түрмеге қамайтын соңғы түзетулер де тиімді болмай тұр.
Есірткі • 05 Желтоқсан, 2023
Петропавл ежелгі шаһар болса да, тұрғындар саны 220 мың адамның төңірегіндегі шағын облыс орталықтарының біріне жатады. Соған қарамастан, есірткі тарату қылмысы қалада көп тараған. Полицияның есебіне сүйенсек, есірткі таратумен айналысқаны үшін ұсталғандар саны артып отыр.
Тұлға • 05 Желтоқсан, 2023
Біртуар қоғам қайраткері, ғалым, ұстаз Амангелді Әбдірахманұлы Айталыны мен 1999 жыл екінші шақырылған Парламент Мәжілісінің алғашқы отырысында көрдім. Бұрын атын естігенім болмаса, кездесудің реті келмеген еді. Осы отырыста Мәжілістің комитет төрағалығына ұсынылған кандидатуралар талқыланғанда, Әлеуметтік мәдени даму комитетінің басшылығына ұсынылған екі-үш депутаттың ішінде Айталының да есімі аталды. Бірақ ол ұсынысқа ризашылығын білдіріп, лауазымнан бас тартты.