Сұхбат • 04 Желтоқсан, 2023
Болат Тілеп: Университет алдында цифрлық экожүйеге жету міндеті тұр
Еліміздің білім саласына білікті кадрлар даярлаудың көш басында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тұр. Биыл ұстаздар ұстаханасының құрылғанына 95 жыл толды. Ғасырлық межеге аяқ басқан білім ордасының басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеппен болған сұхбатта білім беру үрдісі, әлемдік білім кеңістігімен ықпалдастық, университеттің қазіргі ахуалы туралы айтылды.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023
Қылмыстың өтеуі – жаза. Әсіресе мал ұрлағандарға қарсы қолданылатын жаза қатаңдатылғанымен, төрт түлікті қорадан да, өрістен де қолды ететіндер азаяр емес. Мәселен, Атырау облысында жыл басынан бері 24 мал ұрлығы тіркелген.
Музей • 04 Желтоқсан, 2023
Бөкей ордасының қару-жарақ палатасы
Ішкі қазақ ордасының соңғы билеушісі Жәңгір Бөкейұлы да жауынгер ата-бабасынан қалған қару-жарақты киелі санап, мұра ретінде ұстап, сан түрін жинақтаған екен.
Жәдігер • 04 Желтоқсан, 2023
Отандық археологтер 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы аумағында орналасқан Бұқтырма өзені алқабындағы Берел қорымынан тәні қима таған астау табытқа салып жерленген әйелдің мүрдесін тапқан еді.
Зерде • 04 Желтоқсан, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінде (2023 жылғы 24 шілде) Бекен Қайратұлының «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты мақаласы жарияланды. Автор аңдатпада Алтын орда ханы Тоқтамыстың 1392 жылы Литваның ұлы князі һәм Польша королі II Владислав Ягайлоға жолдаған жарлық-хатының көшірме нұсқасының Ұланбатырдағы мемлекеттік Орталық архивіне жеткізілгені туралы айта келіп, аталған жарлықтың тарихына қатысты деректер келтіреді.