Жасанды интеллект • 23 Желтоқсан, 2025
Ұлттық жасанды интеллект экожүйесі
Цифрлық егемендігімізді қалыптастыруға бір қадам жасалды. Nazarbayev Universіty жанындағы «ISSAI» ғалымдары қазақ тілінде жұмыс істейтін, ұлттық дерекке сүйенген және қауіпсіздік талаптарына сай жасанды интеллект жүйелерін әзірледі. Функционалы жағынан шетелдік платформалардан кем түспейтін «Oylan», «MangiSoz», «TilSync», «Beynele», «Mangitas» секілді шешімдер мемлекеттің цифрлық қауіпсіздігін күшейтіп, қазақ тілінің технологиялық кеңістіктегі өміршеңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Талбесік • 23 Желтоқсан, 2025
Сыр өңірінде қала мәдениеті есте жоқ ескі заманнан қалыптасқан. Дәуірлер дерегін жасырған сол ежелгі шаһарлар орнын аралағанда көмбе, қорғандардан мал сүйектері мен кәдімгі күлді көп кездестіреміз. Талай тарихи қаланың құпиясын ашқан археологтердің айтуынша, ертедегі бабаларымыз осы әдіспен қорғанды нықтап, үй айналасын тазартып отырған екен. Бұл ұлы даланы мекен еткен байырғы жұрттың ертеден-ақ қала тазалығын рухани мәдениет өлшеміне айналдырғанын айғақтайды.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2025
Желтоқсанның бірінші аптасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Түркі жазба мұралары және тіл тарихы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция көрнекті түрколог, қаһарман жазушы әрі кәсіби аудармашы Немат Келімбетовті еске алуға арналды.
«Таза Қазақстан» • 23 Желтоқсан, 2025
«Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктірсін», деген еді Президент Қ.Тоқаев биылғы сәуір айында болған «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөйлеген сөзінде.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2025
Рухани қара шаңырақтың мерейлі белесі
Алматыда ұлт ғылым-білімінің алтын қоры Ұлттық кітапхананың 115 жылдығы атап өтілді. Ғасырдан астам уақыт бойы елдің рухани жады мен тарихи санасын сақтап келе жатқан бас кітапхананың мерейтойы мәдени қауым үшін маңызды оқиғаға айналды.