Таным • 23 Желтоқсан, 2025
1803 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында «Ресей империясының киім мәдениеті» атты кітап В.Миллер және басқа авторлар тарапынан жарық көрді. Бұл – империя құрамындағы халықтардың киім-кешек мәдениетін Батыс әлеміне таныстыруды мақсат еткен бірден-бір еңбек. Ағылшын және француз тілінде түсіндірме беріліп, әр халықтың киім үлгісі туралы ақпарат жеткізетін еңбектің біздің мәдениет үшін маңызы жоғары. Төменде кітапта жазылған түсіндірмені қаз-қалпында аударып беріп отырмыз.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде көрнекті қаламгер, қазақ руханиятының ірі тұлғасы Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына арналған «Алаш руханиятының алдаспаны» атты ғылыми-танымдық семинар өтті. Тағылымды жиынға жазушының ұлы, әдеби редакторы Едіге Мұхтарұлы АҚШ-тан арнайы келіп қатысты. Сонымен қоса, өңірдің зиялы қауым өкілдері, белгілі әдебиеттанушы ғалымдар, жас зерттеушілер мен студенттер бас қосты.
Басылым • 23 Желтоқсан, 2025
«Казахстанская правда» үздік атанды
Алматы қаласында «Жыл адамы» және «Қазақстандағы жыл таңдауы» фестивальдарының марапаттау рәсімі өтті. «Қазақ газеттері» ЖШС құрамына кіретін «Казахстанская правда» газеті «Қазақстандағы 2025 жылдың №1 республикалық қоғамдық-саяси күнделікті басылымы» аталымында лауреат атанды.
Тағзым • 23 Желтоқсан, 2025
Асанәлі Әшімов ұлт театры мен кино өнерінің шоқтығы биік тұлғасы еді. Біз осыдан алпыс жыл бұрын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінде қатар оқуға түсіп, ұзақ жылдар бойы әріптес болдық.
Тағзым • 21 Желтоқсан, 2025
Өлді деуге сыя ма? Қазақ сахнасының абызы, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актері, профессор – Асанәлі Әшімұлы өмірден өтті. Өнердің алып бәйтерегі құлады. Ол сахна мен экранда тек рөл ойнаған жоқ, ұлттың мінезін, дәуірдің рухын, адам жанының тереңін сөйлетті. Қазақ театры мен киносының алтын қорына енген сан алуан рөлі арқылы ұлттық актерлік өнердің өлшемін қалыптастырды.