Оқи отырыңыз
Тобыл бойындағы тазалық акциясы
Өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көктемгі жаппай сенбіліктер маусымы басталды. Қостанайдағы «Триатлон» саябағында өткен алғашқы сенбілікке облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
16 Сәуір, 2026
Трамвай паркінде – жаңа вагондар
Трамвай – Павлодар шаһарының рәмізіне айналып үлгерген көлік. Рельсті көлік экологиялық жағынан да қауіпсіз. Облыс билігі вагондарды жаңартып, шеткері шағын аудандарға автономды трамвайлар жүргізу жобасына белсене кірісті.
16 Сәуір, 2026
Шымкенттің мәдени-туристік мүмкіндігі бағамдалды
Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында мәдениет саласындағы іргелі жобаларды пысықтап, шаһардың туристік әлеуетімен, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан музыкалық білім саласы қызметкерлеріне мемлекеттік марапат тапсырды.
16 Сәуір, 2026
Әлеуметтік желіде Ертіс өзенінен бөлініп ағатын Жылы ағыс сағасының мұнай өнімдерімен ластанып, су бетінде май қабаты түзілгені туралы бейнежазба тарап жатыр.
16 Сәуір, 2026
Ломбард қызметіне қойылатын талаптар күшейе ме?
Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық несиелерге қойылатын талаптар күшейгеннен кейін ломбардтарға жүгіну жиілеген. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2026
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін
Қазақстанда «Әділет» атты жаңа саяси партия құру бастамасы көтерілді. Бастамашыл топ реформаларды қолдауға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуге бағытталған саяси ұйым құруды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2026
Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Павлодар қаласында лудоманияға шалдыққан түзеу мекемесінің қызметкері пара алу дерегі бойынша сот үкімімен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2026
Алматыда биыл 2 мыңнан астам жаяу жүргінші өткелі жаңартылады
Алматыда күн жылып, құрылыс маусымы басталысымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары қолға алынған. Бұл туралы Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
15 Сәуір, 2026
Елімізде дәрігерлер тапшылығы 20%-ға қысқарды
Соңғы екі жылдың ішінде Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
15 Сәуір, 2026
Астанада тазалықты бақылауға дрондар жұмылдырылады
Астана қалалық полиция департаменті елордада қоғамдық орындар ластануының алдын алу және жолын кесу жұмысы жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
15 Сәуір, 2026
Түркістан облысындағы жеке клиникада лицензиясы жоқ дәрігерлер қызмет көрсеткен
Түркістан облысының прокуратурасы мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарға жүргізген тексеру барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында қаражатты заңсыз иемдену және тиімсіз жұмсау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2026
Елімізде жолаушылар тасымалы 9,3 пайызға артты
Жыл басынан бері көлік саласында негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім байқалып отыр. Соның есебінен салада жолаушылар тасымалы 9 пайызға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2026
Есірткі қылмысын отбасылық бизнеске айналдырғандар ұсталды
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысын жақын туыстардың ұйымдастыру, сату фактілері жиілегенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
15 Сәуір, 2026
«Алисамен» қазақша сөйлесетін қолданушылар саны 30%-ға артты
Yandex Qazaqstan компаниясы елдегі «Алиса» ІІ-ассистентін пайдалану көрсеткіштерін талдап, соңғы деректерді жариялады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ассистентпен қазақ тілінде сөйлесетін қолданушылар саны қарқынды өсіп жатыр. Соңғы үш айдың өзінде олардың қатары 30 пайыздан астам артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2026
Қазақстанда 3,7 миллион тонна мұнай өнімдері өндірілді
Қазақстанда жанар-жағармайдың қажетті қорлары толық көлемде қалыптасып отыр. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша республикада мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3,7 миллион тоннаға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2026
Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты мәреге жетті. Биыл күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындары мен Бахрейнде жалауы желбірейтін әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып жатқан еліміздің ұлттық командасы Қырғызстанға қосалқы құрамдағы балуандарын жіберді. Күрестің үш түрінде күш сынасқан 30 жерлесіміздің жетеуі ғана жеңіс тұғырына көтерілді.
15 Сәуір, 2026
Қазақ поэзиясында өзіндік өрнегімен, айрықша үнімен дараланған Шөмішбай Сариев – ұлттық сөз өнерінің көгінде еркін самғаған тұлғалардың бірі. Оның болмысын терең таныған Ғафу Қайырбековтің «қос қанатты ақын» деген теңеуі – сөз зергерінің шығармашылық табиғатын дөп басқан анықтама. Бір қанаты – жанды тербеген лирикалық жырлар болса, екінші қанаты – ел арасына кең тарап, халықпен бірге тыныстаған ән-өлеңдері. Осы қос арна тоғысып, Шөмішбай поэзиясын биікке самғатты.
15 Сәуір, 2026
Толық аншлаг: NU студенттер оркестрінің концерті 1500 көрермен жинады
Nazarbayev University-дің студенттер оркестрі (NU Orchestra) еліміздің симфониялық музыка тарихында жаңа бет ашты. Ғылым қызметкерлері күніне орай шығармашылық ұжым елордадағы бірегей сахнаның бірі – Бейбітшілік және келісім сарайында жеке концерт қойды. Ауқымды іс-шараға көрермендер айрықша қызығушылық танытты. Оған 1500 адам жиналды. Концерт толық аншлагпен өтті.
15 Сәуір, 2026
Кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы
Интернет алаяқтардың айласы әшкере болған сайын олар астыртын схемаларды ойлап тауып жатыр. Мәселен, қазір алаяқтар тыйым салынған қаржы пирамидаларының жұмысын Тұтыну кооперативтері арқылы жүргізіп, азаматтардың миллиондаған ақшасын жымқырып, сан соқтырып отыр. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, кейінгі екі жылда қаржы пирамидаларынан 3 мыңнан аса адам зардап шеккен.
15 Сәуір, 2026
Су сүзгішін өндіретін жаңа кәсіпорын
Ақтаудағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы – жаңа кәсіптік нысандарды ашуға қолайлы орын. Кейінгі жылдары аталған аймақтан өз кәсібін көргісі, өркендеткісі келетіндер саны көбейіп келеді. Үкімет қаулысына сәйкес биыл «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағының 10 мың гектарға дейін ұлғайтылуы да сұраныс пен қызығушылықтың бар екенінің дәлелі.
15 Сәуір, 2026