аз
Әскер • Бүгін, 11:15
Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Қазақстан әскері әлемдік әскери қуат рейтингі – Global Firepower 2026 бойынша 145 елдің ішінде 58-орынға жайғасты. Сарапшылар елдің әскер санын, техникасын, авиациясын, қаржылық мүмкіндігін және мобилизациялық ресурсын ескерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • Бүгін, 09:00
Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды
Венецияда 61-ші халықаралық өнер биенналесі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны ашылды. Көрмеде еліміз «Қоңыр: Тыныштық архиві» атты жобаны таныстырып, руханият, мәдени мұра мен тарихи жады тақырыптарын заманауи өнер арқылы көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • Кеше
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
6 мамыр күні таңертең Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жолдың опырылу фактісі тіркелді. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан жолдың ортасында тереңдігі 2-3 метр болатын үлкен шұңқыр пайда болғаны анық көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
2026 жылдың мамырында жаһандық интернет кеңістігінде күтпеген мәдени үрдіс пайда болды. X (Twitter) платформасындағы @ciscaucasian қолданушысының бір жазбасы Қазақстанға деген ерекше қызығушылықты тудырып, елді Батыс аудиториясы үшін жаңа мәдени феномен ретінде танытты. «Жапонияға қызығушылық мейнстримге айналғандықтан, енді назар Қазақстанға ауысты» деген пікір қысқа уақыт ішінде кең таралып, миллиондаған қаралым жинады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» алдағы мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегінше, мереке күндері елдің басым бөлігінде күн райы жауын-шашынды болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ерлер санына қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қазақстанда қыста автокөлікті ұзақ уақыт қыздыруға салынған уақытша шектеулер өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Мереке қарсаңында Қазақстанда тұратын ҰОС ардагерлерінің әрқайсына 5 млн теңгеден төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • Кеше
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Ішкі істер министрлігіне шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды екені туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • Кеше
Жануарларға қатыгездік көрсеткендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Депутаттар бастамашы болған заң жобасында жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Осыған орай, Президент тапсырмасын орындау аясында жануарларға қатігездік көрсеткені үшін жауапкершілік айтарлықтай қатаңдатылады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • Кеше
Жеке деректеріңіз таралып кетті ме? Енді оны арнайы тізілім арқылы тексеруге болады
Қазақстан азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауды күшейтуге бағытталған жаңа заңнамалық түзетулерді әзірлеп жатыр. Бұл өзгерістер дербес деректердің қорғалуына қатысты конституциялық нормаларды нақтылай түсуді көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • Кеше
Парламентте Халық кеңесі туралы заң жобасы қаралады
Бүгін Парламент қарауына «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Өскемен қаласындағы «Казцинк» зауытында болған жарылыс пен өрттен кейін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
«Қазцинк» зауытындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты
Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауытында болған жарылыс пен өрт салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыстан зардап шеккендер саны 9-ға жетті
Өскемен қаласында «Қазцинк» зауытында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 9-ға жетті. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 05 Мамыр, 2026
Қазақстанда 5 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан шықты
Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша елімізде сегіз жылу электр орталығы тәуекел аймағынан шықты. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді
«Қазцинк» аумағындағы жарылыс салдарынан төрт зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды іздестіруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 05 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 13,2 млрд долларға жетті
Қазақстан 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытаймен сауда көлемі жағынан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылықты сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Мамыр, 2026
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
5 мамырда Астанада және еліміздің 17 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Мамыр, 2026
Ормұз бұғазындағы жағдай: Иран мәлімдеме жасады
Иран тарапы АҚШ кемелерінің Ормұз бұғазына кіруіне жол бермегенін мәлімдеді. Бұл қадам Дональд Трамп америкалық теңіз күштері өңірде кемелерге ілесіп жүруді бастайтынын жариялағаннан кейін жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Мамыр, 2026
Германияда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды
Лейпциг қаласында жеңіл автокөлік адамдар тобына соғылып, қайғылы оқиға болған. Салдарынан кемінде екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Мамыр, 2026
Тарихи жетістік: Үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жаңа белесті бағындырды
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихта алғаш рет 1/8 финалға шықты. Енді ұлттық құрама ширек финал жолдамасы үшін шешуші кезеңде бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 04 Мамыр, 2026
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Қазақстанда жаңа Конституция қабылданғаннан кейін елдің саяси жүйесінде ауқымды өзгерістер болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2026
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Мамыр, 2026
Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?
Елімізде биыл 83 соғыс ардагері мемлекеттік төлем алады. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Мамыр, 2026
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне АҚШ азаматы басшы болып тағайындалды
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің бас атқарушы директоры болып АҚШ азаматы Майкл Дэниел тағайындалды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Мамыр, 2026
Хоккейден Қазақстан құрамасы Жапонияны 6:0 есебімен ойсырата жеңді
Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 04 Мамыр, 2026
Жүк көлігімен Қазақстанға заңсыз адам тасымалдаған Өзбекстан азаматы ұсталды
Павлодар облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған жасырын арна анықталып, полиция тарапынан тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Мамыр, 2026
Қазақстан мұнай өндірісін тағы арттырады: OPEC+ жаңа келісімге келді
OPEC+ құрамындағы жеті мемлекет маусым айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы келісімге келді. Бұл шешімге Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман елдері қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Мамыр, 2026
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 2026 жылғы 4 мамырда ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.