Әлем • 04 Мамыр, 2026

Германияда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды

1 мин
оқу үшін

Лейпциг қаласында жеңіл автокөлік адамдар тобына соғылып, қайғылы оқиға болған. Салдарынан кемінде екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.

Германияда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды

Фото: X әлеуметтік желісінен алынған

Оқиға туралы Германияның халықаралық қоғамдық медиакомпаниясы Deutsche Welle (DW) хабарлаған. Алдын ала мәліметке сәйкес, көлік қала орталығындағы жаяу жүргіншілер көп жүретін Гриммайше көшесінде адамдарды қағып кеткен. Бұл көше Лейпцигтің басты көрікті орындарын орталық алаңмен байланыстырады.

Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды

Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру қызметі және тікұшақ тартылып, құтқару жұмыстары жедел жүргізілген.

Саксония жерінің полициясы таратқан ақпаратқа сәйкес, көлік жүргізушісі ұсталған. Оның әрекетіне қатысты тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:07

Қос шөнжік өмірге келді

Жануарлар • Бүгін, 09:05

Роналдудан қайран болмады...

Футбол • Бүгін, 09:03

Қошкенің құнды қолжазбасы

Тұлға • Бүгін, 08:53

Үш алып жеткізген ой

Таным • Бүгін, 08:50

Азиядан алаулаған жалын

Әдебиет • Бүгін, 08:48