Қазақстан • Бүгін, 16:30

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты

Фото: Ашық дереккөз

Ресми мәліметке сәйкес, ел халқының саны 20 547 909 адамды құрады. 2026 жылдың басынан бері Қазақстан халқы 48 087 адамға көбейген.

Өңірлер бойынша көрсеткіштер

Халық саны 2 миллионнан асқан өңірлер қатарында Түркістан облысы мен Алматы қаласы бар. Түркістан облысында 2 146 665 адам тұрады. Дегенмен жыл басынан бері өңір халқы 2 540 адамға азайған.

Ал Алматы қаласында 2 359 052 тұрғын тіркелген, бұл көрсеткіш 10 949 адамға артқан.

1 миллионнан астам халқы бар өңірлер:

  • Астана – 1 662 755 адам;
  • Алматы облысы – 1 606 365 адам;
  • Шымкент – 1 302 868 адам;
  • Жамбыл облысы – 1 214 501 адам;
  • Қарағанды облысы – 1 131 200 адам.

Республика бойынша халқы ең аз аймақтар:

  • Ұлытау облысы – 218 420 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 512 991 адам;
  • Абай облысы – 594 320 адам.

2026 жылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша:

  • қалаларда – 13 137 950 адам (52 840 адамға көбейген);
  • ауылдық жерлерде – 7 409 959 адам (4 753 адамға азайған).

Статистика қала халқының өсіп, ауыл халқының біртіндеп азайып жатқанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар