Компанияның ресми мәліметінше, оқиға түтінсорғышты тазалау кезінде болған.
«Апат салдарынан 2 адам қаза тапты. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды», делінген хабарламада.
«Қазцинк» қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, материалдық және өзге де көмек көрсетілетінін мәлімдеді.