Рейс
Оқиға • Кеше
Геосаяси шиеленістің зардабы: Үндістандық IndiGo Алматыға рейстерін тоқтатты
Үндістанның ірі әуекомпанияларының бірі IndiGo ақпан айының соңына дейін төрт халықаралық бағыт бойынша, соның ішінде Алматыға қатынайтын рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Алматыда Air Astana рейстері тұманға байланысты кешігіп жатыр
Алматыда тұманға байланысты Air Astana авиакомпаниясының кейбір рейстері кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Билет бар, орын жоқ: Қарағандылық тұрғын әуекомпаниясынан өтемақы өндіріп алды
Қарағанды қаласының тұрғыны «Астана − Фукуок − Астана» бағыты бойынша жалпы құны 420 мың теңгеге төрт әуе билетін сатып алған. Алайда ұшуға бір тәулік қалғанда әуе тасымалдаушы оған рейстің тоқтатылғанын хабарлаған. Овербукинг үшін сапарға ұша алмай қалған жолаушы әуе компаниясынан келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Алматыдан Оралға бағыт алған FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты
FlyArystan әуе компаниясының ұшағы құстармен соқтығысуына байланысты Орал қаласының әуежайында кідіруге мәжбүр болған. Бұл туралы тасымалдаушының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қаңтар, 2026
Қазақстаннан Вена, Рим және Нью-Йоркке әуе рейстері ашылады
Биыл жаңа теміржол желілерінің құрылысы аяқталады, ал Қызылорда – Жезқазған автожолындағы қозғалыс 2026 жылдың соңына дейін ашылады. Ұлттық құрылтайда берілген Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Қаңтар, 2026
Ауыр жағдайдағы сәби тікұшақ арқылы Астанаға шұғыл жеткізілді
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің санитарлық авиациясы аясында Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша шұғыл медициналық рейс орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Атырау әуежайында әуе рейстері жаппай кешігіп жатыр
Атырау әуежайында жолаушылар 15 қаңтардан бастап бірқатар бағыт бойынша ұша алмай отыр, барлық рейстер 16 қаңтарға ауыстырылған. Алайда бүгін де жағдай күрделі күйінде қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Қаңтар, 2026
Елімізде алдағы үш жылда бірнеше өңіраралық әуе рейсі іске қосылады
Үкімет 2026–2028 жылдары бірнеше өңіраралық әуе рейсін іске қосу үшін қосымша қаражат бөлуі мүмкін. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектенов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2026
Air Astana қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешігетінін ескертті
Air Astana әуе компаниясы Астанадағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты рейстердің кешігуі және ұшу кестесінің өзгеруі мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Қазақстан 2026 жылдың соңына дейін 9 жаңа ұшақ сатып алады
Қазақстан 2026 жылы азаматтық авиация паркін кеңейтіп, ішкі және халықаралық әуе қатынасын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Астана әуежайында ауа райы салдарынан 11 рейс кешігіп қонды
Ауа райының күрделі жағдайы сақталып, мұз қататын жаңбыр салдарынан бірқатар рейс кешігіп орындалып жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады
Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы Өзбекстанның ең ірі жеке әуекомпаниясы Centrum Air-мен ынтымақтастықты бастады. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орал – Ташкент бағытындағы тікелей рейстер 2026 жылдың 29 наурызынан бастап ұшады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Бас шаһардан Бурабайға шағын ұшақтар ұшуы мүмкін
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, бұған дейін Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың Астана-Бурабай әуе қатынасын ашу мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді. Әңгіме шағын әуе кемелері жөнінде болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Airbus әуе кемелеріндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жұмыстары 29 қараша күні толық аяқталатынын хабарлады.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Мәжіліс төрағасының Мароккоға сапары: екі ел арасында тікелей рейстер ашылуы мүмкін
Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Рашид Талби Әл-Аламидің шақыруымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Марокко Корольдігіне ресми сапармен барды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Масаң күйдегі әйел жолаушылар әуе рейсінен түсірілді
Ақтөбе әуежайында Алматыға бағыт алған екі әйел жолаушы ұшақтан түсірілді. Олар агрессивті мінез-құлық танытып, бейәдеп сөздер айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 03 Қараша, 2025
Қазақстан мен Сербия арасында тікелей әуе рейстері іске қосылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан мен Сербияның бас шаһарлары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды, оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен мүмкін болды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 21 Қазан, 2025
Алдағы жылы тікелей Алматы – Токио әуе рейсі ашылады
Алматыда алдағы 2026 жылы наурыз айында ашылатын Air Astana әуе компаниясының жаңа Токио-Алматы тікелей рейсі қарсаңында Жапонияның ірі туроператорлары қазақстандық туристік индустрия өкілдерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Қазан, 2025
Қырғызстанға және Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады
Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқандтқа тікелей екі жаңа халықаралық бағыт ашып жатыр. Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы ҚР Президентінің түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 07 Қазан, 2025
Бангкок пен Алматы арасында жаңа әуе рейсі ашылады
Алматы қаласының туризм басқармасының хабарлауынша, Thai AirAsia X әуе компаниясы 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Бангкок – Алматы бағытында тікелей әуе қатынасын іске қоспақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 04 Қыркүйек, 2025
Таиланд Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады
2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Таиландтың «Thai Air Asia X» лоукостері Қазақстан бағытына шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Қырғызстан Қазақстанға тұрақты әуе рейстерін іске қосады
2025 жылдың 27 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Қырғызстандық жаңа «Asman Airlines» авиакомпаниясы кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 25 Маусым, 2025
Qatar Airways рейс кестесін қалпына келтіріп жатыр
Qatar Airways әуе компаниясы уақытша әуе кеңістігінің жабылуынан кейін рейс кестесін қалпына келтіріп жатыр. Жолаушыларға ұшу күнін өзгертуге немесе билеттерін айыппұлсыз қайтаруға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
SCAT әуе компаниясы ескерту жасады
SCAT әуе компаниясы құстармен соқтығысу салдарынан әуе кемелерінің зақымдануына байланысты бірнеше рейстің кешігетінін және кестеде уақытша өзгерістер болатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2025
Қарағандыдан Ыстамбұлға енді тікелей рейспен ұшуға болады
Қарағандылықтар енді Түркияға тікелей тұрақты рейспен ұша алады. 4 маусымнан бастап Қазақстандық FlyArystan лоукостері жазғы маусымға Қарағанды – Ыстамбұл жаңа халықаралық бағытын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Маусым, 2025
Қазақстан мен Корея арасындағы әуе қатынасы күшейді
Қазақстан Кореядан Алматы, Астана және Шымкентке тікелей рейстер жиілігін аптасына 17 рейске дейін арттырды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2025
Шымкенттен Еуропа елдеріне тікелей рейстер ашылды
Шымкент қаласынан Еуропа мен Азияның алты еліне тікелей халықаралық әуе рейстері ашылды. Салтанатты шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әуежай инфрақұрылымын дамыту және аэрохабтар желісін кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында іске асырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Иорданияға тікелей рейс ашылады
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иордания Хашимит Корольдігінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездесу өткізді. Басқосу барысында екі ел арасындағы көлік қатынасын кеңейту және тікелей әуе байланысын орнату мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2025
Үндістанға әуе рейстері қайта жанданады
Бұл туралы Air Astana компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.