Оқиға • 04 Ақпан, 2026

Геосаяси шиеленістің зардабы: Үндістандық IndiGo Алматыға рейстерін тоқтатты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның ірі әуекомпанияларының бірі IndiGo ақпан айының соңына дейін төрт халықаралық бағыт бойынша, соның ішінде Алматыға қатынайтын рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Геосаяси шиеленістің зардабы: Үндістандық IndiGo Алматыға рейстерін тоқтатты

Фото: Ашық дереккөз

Әуе компаниясының ресми мәлімдемесіне сәйкес, 28 ақпанға дейін келесі қалаларға ұшу жоспарланбайды:

  • Алматы (Қазақстан);
  • Тбилиси (Грузия);
  • Баку (Әзірбайжан);
  • Ташкент (Өзбекстан).

2025 жылдың желтоқсанында басталған ішкі толқуларға байланысты Иран билігі әуе кеңістігін уақытша жапқан болатын. Осыдан кейін Lufthansa мен ITA Airways сияқты әлемдік алпауыттар да қауіпсіздік мақсатында өз бағыттарын қайта қарастырған еді.

Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады

IndiGo басшылығы Алматы – Дели бағытына билет алған жолаушыларға екі жол ұсынып отыр:

  1. Баламалы маршруттарды таңдау;

  2. Билет құнын толықтай қайтарып алу.

Қазақстан ұшақтарына Иран аспанында ұшуға тыйым салынды

Соңғы жаңалықтар

Ерлік пен тарих

Тағзым • Бүгін, 21:32

Қатар төріндегі қазақ рухы

Мәдениет • Бүгін, 19:12