алма
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Гуанчжоу – Алматы бағытындағы рейсте жолаушы қайтыс болды
11 желтоқсанда Гуанчжоу – Алматы бағытындағы рейсте бір жолаушы қаза тапты. Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 12 Желтоқсан, 2025
Алматы мен Астананың айырбастау пунктеріндегі доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Тәуелсіздік күні және Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығы қарсаңында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтармен кездесті. Әкім Алматының қоғамдық өміріне белсене үлес қосып жүрген желтоқсаншылардың патриоттық ұстанымын, азаматтық позициясын және ұлттық құндылықтарға беріктігін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті
Қарасай ауданындағы «Gulnar Baq» демалыс орталығында маусымның ең тартысты әрі әсерлі жарыстарының бірі – «Алматы облысының əкімі Кубогына арналған ересектер арасындағы командалық көкпар облыстық лигасының финалдық кезеңі» өтті. Шығыс және Батыс өңірлерінің ең мықты командалары жарыстың басты трофейі үшін шешуші кездесу барысында бақ сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Алматыда қазақы тазылардың байқауы өтті
Алматы қаласында Қазақстан кинологтар одағы қазақы тазы иттеріне арналған тұқымдық байқау ұйымдастырды. Іс-шараға 43 иттің иесі қатысуға өтінім берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы-2 теміржол бекетінде 52 адам табиғи газдан уланды: екі бала жансақтау бөлімінде
Алматы-2 теміржол бекетінде табиғи газдан улану дерегі тіркеліп, жедел жәрдем қызметі шұғыл түрде оқиға орнына жетті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 52 адамға медициналық көмек көрсетілді. Жапа шеккендердің арасында екі бала бар, олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Алматыда автобус аялдамадағы троллейбусқа соғылды: бір жолаушы зардап шекті
Алматыда 65-маршруттағы автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соғылып, салдарынан бір жолаушы зардап шекті. Полиция оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 10 Желтоқсан, 2025
Алматыда сирек кеселге шалдыққан науқастар 2026 жылы тегін дәрі-дәрмек алады
Бүгін Алматы қалалық мәслихатының ХХХIХ сессиясында депутаттар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын аурулар мен дәрілік препараттар тізімін кеңейтуде бір мәмілеге келді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2025
Алматыда бір түнде 58 жол апаты тіркелді
9 желтоқсан күні толассыз жауған қар Алматы қаласының жүргізушілеріне қолайсыздық тудырған. Полиция қыметкерлері бір түнде 58 жол-көлік оқиғасын тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Алматыда бір түнде жарты айдың нормасындай қар жауды
10 желтоқсан сағат 07:00-дегі мәлімет бойынша қардың қалыңдығы 35 сантиметрге дейін жетті. Бұл айлық норманың жартысына жуығы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Алматыда полицейлер мен экологтар автокөліктерді тексерді
Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шаралар жоспары шеңберінде қалада экологиялық қызмет мамандары полиция департаментімен бірлесіп жолда рейдтер жүргізіп жатыр. «Eco Almaty» ЖШС-нің жылжымалы зертханалары көлік құралдарының шығарындылар деңгейін оқиға орнында өлшейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 09 Желтоқсан, 2025
Үш жүзден астам шетелдік инвестор мен бизнес өкілдері жиналды
Алматы облысында халықаралық Alatau Investment Forum 2025 өтті. Форумға көрші мемлекеттерден 300-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысып, нәтижесінде жалпы құны 776 млрд теңгеден асатын 16 меморандумға қол қойылды. Бұл өңірдің Қазақстандағы жетекші инвестициялық орталықтардың бірі екенін тағы дәлелдеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 09 Желтоқсан, 2025
Алматы билігі делдалдардан құтылу үшін коммуналдық жәрмеңкелер өткізбек
Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды коммуналдық жәрмеңкелер құруды көздейтін кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Сейф ұрлығы: Алаяқ тосын тәсіл қолданған
Алматыда ер адам пәтер тонаған. Ол пәтердің ішінен ұрлап алған сейфті қаладағы қоғамдық троллейбуспен алып кетпек болған. Жедел іздестірілген ұры ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2025
Ауылшаруашылық еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Алматы облысында Ауыл шаруашылығы күні салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шара аясында өңірдің аграрлық саласындағы жетістіктер аталып, үздік мамандар мен шаруашылық өкілдері марапатталды. Мерекелік жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев және Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2025
Алматы маңындағы жол апаты төрт адамның өмірін қиды
5 желтоқсанда Алматы - Көктал - Көктеп - Шонжы автожолының 80-шақырымында жол апаты болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда құқық қорғаушылар ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қолдады
Алматыда ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды қолдау бойынша конференция өтті. Іс-шараға құқық қорғаушылар, заңгерлер мен қоғам белсенділері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда пәтерінде есірткі тектес өсімдік өсірген тұрғын ұсталды
Алматылық полицейлер «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерді тексерді. Тексеру барысында Әуезов ауданында үйін зертханаға айналдырған тұрғын қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда автобус апатқа ұшырап, кішкентай бала зардап шекті
Алматының Әуезов ауданында жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz kris_p_almata парақшасына сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Биыл Алматыға қанша турист келді?
Оң көрсеткіштер қалаға қызығушылықтың тұрақты өсіп отырғанын айғақтайды. Туристер легінің артуы инфрақұрылымды дамыту, қызмет көрсету сапасын жақсарту және Алматының халықаралық танымалдығын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды
7 желтоқсан күні шамамен түнгі 23:10-да Алматы қаласының Әуезов ауданында Škoda көлігі Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Салдарынан көлік тоқтап тұрған жолаушылар автобусына, содан кейін инерция салдарынан Volvo көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2025
Еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысы мен Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылып отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
«Қауіпті жүргізуші» іс-шарасының аясында патрульдік полиция қызметкерлері есірткіге мас күйде көлік басқарған 36 жастағы ер адамды тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 07 Желтоқсан, 2025
Алматыда кәмелетке толмағандарға арналған колония ашылды
Алматы қаласында сотталған кәмелетке толмағандарға арналған жаңа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі ресми түрде жұмысын бастады. Жаңа нысанды ішкі істер министрі Ержан Сәденов тексеріп қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 07 Желтоқсан, 2025
Алматының ТЖД күштері ірі өртті сөндірді
Алматы қаласының өрт сөндірушілері Медеу ауданындағы «Геолог» бағбандық серіктестігінің аумағында өртті сөндіру үшін жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 06 Желтоқсан, 2025
Шымбұлақ биылғы жаңа маусымын Après Ski дәстүрімен бастады
Бүгін, 6 желтоқсан күні Шымбұлақ тау-шаңғы курортының қысқы маусымы салтанатты түрде ашылды. Мыңдаған адам куә болған жаңа маусымның ашылуында күні бойы бес жерде концерт қойылып, сырғанайтын жолдарда спорттық, мерекелік шаралар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 06 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында шекара заставасындағы өрттен әке мен бала қаза тапты
Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 05 Желтоқсан, 2025
Балаң суретшілер Тәуелсіздік күніне тарту жасады
Ұлттық орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай "Көк аспан астында" деп аталған сурет көрмесі есік ашты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыда BRT желісі сынақ режимінде іске қосылды
Алматыда BRT (жедел автобус көлігі) желісінің негізгі учаскелерінің бірі сынақ режимінде іске қосылды. Ол Желтоқсан көшесінің бойымен өтіп, қаланың екі негізгі магистралі Тимирязев көшесі мен Райымбек даңғылын байланыстырады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Заманауи зауыт жылына жетпіс мың тонна жеміс өңдейді
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өңдеу технологияларымен жабдықталған жаңа зауыт – бәсекеге қабілетті өнім өндіруге және отандық аграрлық-өнеркәсіптік кешенді (АӨК) одан әрі нығайтуға ықпал етеді, деп жазады Egemen.kz.