Аймақтар • Бүгін, 13:33

Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда инклюзивті спортты дамытуды көздейтін жаңа спорт орталығының құрылысы басталды. Жоба параспортшыларды қолдауға және спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыруға арналған. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді

Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 7,6 мың шаршы метрді құрайды. Орталықта бассейн, әмбебап жаттығу залдары, сондай-ақ үстел ойындарына, үстел теннисі мен садақ атуға арналған арнайы залдар мен мәжіліс-залы бар.

Ақтөбеде инклюзивті спорт кешені ашылды

Инклюзивті спорт орталығында жүзу, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, үстел теннисі, бадминтон, дзюдо, таэквондо, отырып ойнайтын волейбол, голбол, бочча, арба биі, паравелоспорт, мергендік және өзге де бейімделген спорт түрлері бойынша жаттығулар өткізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салуды тапсырды

Құрылыс жұмыстары 2025 жылы тамызда басталды. Нысан 2026 жылы IV тоқсанда пайдалануға берілмек.

Соңғы жаңалықтар