Алматы полиция департаментінің мәліметінше, тексеру қорытындысымен барлығы 135 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заң талаптарын өрескел бұзған 16 шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар 27 адам жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына жеткізілді, ал 23 қабылдаушы тұлға заң бойынша жауап берді.
Рейд барысында көші-қон полициясының қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарды анықтады. Олар СПА-салондардың бірінде және құрылыс нысанында болған. Құжаттары болмаған барлық азамат жеке басын нақтылау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Атырауда бір жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік азамат елден шығарылды
Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтың мәліметінше, аталған шаралардың басты мақсаты — шетел азаматтарының ел аумағында заңсыз болуынан туындауы мүмкін қауіптердің алдын алу. Полиция тіркеу талаптарының сақталуын, елде болу заңдылығын және қабылдаушы тараптардың жауапкершілігін жүйелі түрде тексеру арқылы қаладағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді.
Атырауда сот шешімін орындамаған 18 шетелдік елден шығарылды