у
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Әлеуметтік сауалнама: Жастардың 70 пайыздан астамы цифрлық технологияларды белсенді қолданады
Осы және басқа да деректер – Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚЗСИ) тапсырысымен жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама нәтижелеріне негізделген, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 24 Қараша, 2025
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Копенгаген» клубымен ойнайды
«Қайрат» клубының футболшылары мен жаттықтырушы құрамы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчқа қатысу үшін Данияға жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Қараша, 2025
«Ауыл ойындарында» кімдер алға озды?
Астанада студенттер арасында «Ауыл ойындары» республикалық сайысы өтті. Жыл сайынғы игі шара ұлттық спорт түрлерін насихаттап, салауатты өмір салтын нығайтып, жастарды салауаттылыққа бағыттайды. Спорт жарысы «Ауыл» партиясының бастамасымен және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қолдауымен жүзеге асып отыр.
Мереке • 24 Қараша, 2025
Желтоқсанның ортасында қазақстандықтарға бір күндік демалыс беріледі
Желтоқсан айында елімізде Тәуелсіздік күні тойланады. Бұл күн мемлекеттік және ұлттық мерекелер күнтізбесіне енгендіктен 16 желтоқсанда ел азаматтарына демалыс беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 24 Қараша, 2025
Бала денсаулығына зиянды өнімдер сөрелерде самсап тұр: Ахуалды қалай түзейміз?
Тұтыну нарығында балалар денсаулығына зиян әрі сапасы күмәнді өнімдердің көбейіп кетуі ата-аналар мен денсаулық сақтау саласы мамандарын алаңдатып отыр. Бұған мемлекеттік бақылау күшейіп, қоғам тарапынан жауапкершілік артпаса, жағдай ушыға беруі мүмкін. Президенттік іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты «Уды тоқтайық – Қауіпсіз балалық шақ: тұтыну сапасын бақылау және контрафактіден қорғау» атты дөңгелек үстел басында сарапшылар осы өзекті мәселені талқыға салды.
Заң • 24 Қараша, 2025
Үш күнде 100-ден астам мал ұрысы ұсталды (видео)
ІІМ ұйымдастырған «Мал ұрысы» кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мал ұрлығына қатысы бар 113 адам қолға түсіп, 20 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Қараша, 2025
Венгриядағы Radio Free Europe қызметі қаржыландыру қысқаруына байланысты жұмысын тоқтатты
Венгрияның «Свободная Европа» (Szabad Európa) қызметі АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің медиажобаны әрі қарай қаржыландырмау жөніндегі шешімінен кейін өз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қараша, 2025
Автотұрақтар мыңдаған жүргізушіге қаржылық ауыртпалыққа айналды
Автотұрақтар мыңдаған жүргізуші үшін қаржылық ауыртпалыққа айналуда, деп хабарлады Egemen.kz.
Президент • 23 Қараша, 2025
Тоқаев Головкинді World Boxing федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 23 Қараша, 2025
Ақтауда Qazaq Oil жанармай бекетінде өрт шығып, жеңіл көлік өртенді
Ақтауда Qazaq Oil жанармай бекетінде өрт болып, жеңіл көлік алапат отқа оранды. Оқиға туралы мәліметті өңірлік ТЖД растады.
Елорда • 23 Қараша, 2025
Астанада жоғалып кеткен 10 жастағы қызды мыңнан астам адам іздеді
Астанада туған күннен кейін топтан бөлініп, белгісіз бағытқа кетіп қалған 10 жастағы қызды іздеуге мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Қараша, 2025
Қарағандыда 30 жыл бойы бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізуші анықталды
Қарағанды облысында жол қозғалысы мәдениетін арттыруға арналған «Үлгілі жүргізуші» акциясы жалғасуда. Шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері ережені қатаң сақтап жүрген көлік жүргізушілерін тоқтатып, оларға алғыс білдіруде, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 23 Қараша, 2025
Балаларға екі данадан артық бермеңіз: мандаринді көп тұтыну қауіпті
Диетолог мамандардың айтуынша, мандаринді мөлшерден көп жеу денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе аллергиясы бар адамдар мен асқазан-ішек жолы ауруларына шалдыққандарға бұл жеміс жемеген жөн, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қараша, 2025
Атырау облысының ауылында тышқандар көбейіп, мектептер мен балабақшалар жабылды
19 қарашадан бастап Атырау облысының Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылында екі мектеп пен екі балабақша уақытша жұмысын тоқтаттыдеп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Қараша, 2025
Маңғыстаулық оқушы тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының №18 мектебінің 11 сынып оқушысы Дәулет Айқын мектеп оқушылары арасындағы тоғызқұмалақтан II әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Қараша, 2025
Панфиловке баратын жол жаңарды
Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан халымен кездесуінде мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 23 Қараша, 2025
Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады
Президенттің тапсырмасына сәйкес Жетісу облысында Балқаш пен Алакөл жағалауын күтіп ұстаумен айналысатын жаңа коммуналдық кәсіпорындар құрылады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 23 Қараша, 2025
Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды
Алматыда республикалық «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін тұрақты сақтап, жолаушыларды қауіпсіз тасымалдап жүрген он жүргізуші марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Спорт • 23 Қараша, 2025
Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирінде Пересті жеңді
Дохада (Қатар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (22-3) америкалық Алекс Переспен (25-9) октагонға шығып, айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Қараша, 2025
Атамбаевтың әйелі мен ұлы тергеледі: Қырғызстанда сайлау қарсаңында не болып жатыр?
Қырғызстанда 22 қараша күні жаппай тәртіпсіздіктер ісі аясында оппозициялық саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне қатысты жаппай тінтулер мен тергеу шаралары өтті. Бірнеше адам ұсталып, кейбірі сұраққа шақырылды, деп жазады Egemen.kz.
Инфляция • 23 Қараша, 2025
Инфляцияға әсер ететін ТОП-30 өнім: қайсысы әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына енуі мүмкін?
Алдын ала жасалған талдау нәтижесі Қазақстанда инфляцияға айтарлықтай ықпал ететін кемінде 23 тауар барын көрсетті. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімін кеңейту кезінде қарастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Үкімет.
Президент • 22 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Silk Way Star қатысушыларын құттықтады
Бүгін беделді халықаралық өнер додасы өз мәресіне жетеді, деп хабарлайды Ақорда.
Тағайындау • 22 Қараша, 2025
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Әлия Шайзадақызы Рүстемова Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ақтауда 2 000 бала Damu Bala арқылы үйірмелерге бара алмай жүр
Ақтауда екі жылға созылған ваучер тапшылығына байланысты мыңдаған бала спорт пен шығармашылық үйірмелерге қатыса алмай отыр. Бұл жағдай көпбалалы отбасылардың тұрмысын қиындатып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ұлттық құраманың футболшысы 27 жасында кәсіби карьерасын аяқтады
27 жастағы Қазақстан U-21 жастар құрамасының бұрынғы капитаны Геворг Наджарян футболшы ретіндегі карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Қараша, 2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне 10 автомобиль тарту етілді
Абай облысында Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтті. Биыл алғаш рет аграрлық саладағы үздік мамандарға 10 автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 22 Қараша, 2025
Шетелде жүрген қазақ ғалымдарының әлеуетін ел игілігіне бағыттаудың жаңа кезеңі басталды
Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде ҚР Сыртқы істер министрлігі және «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Отандас ғалымдар форумы» өтті, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Тұмаудың алдын алу үшін қандай жемістерді жиі тұтынған жөн
Дәрумендер мен антиоксиданттар ЖРВИ ауруларының алдын алуға және суық мезгілде ағзаны қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл туралы нутрициолог дәрігерлер айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 22 Қараша, 2025
Қысқа роликтер ұйқыны бұзады, мазасыздықты арттырады
TikTok, Instagram Reels, YouTube Shorts және басқа да платформалар біздің контентті тұтыну тәсілімізді әлдеқашан өзгерткен. Олар көңіл көтереді, үйретеді, жарнама мен саясатқа ықпал етеді. Бірақ жаңа зерттеулер көрсеткендей, шексіз айналдыру (scroll) миға айтарлықтай әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айында Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында қарыздарды субсидиялау бағдарламалары шеңберінде өнеркәсіп, туризм және агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қаржыландыру көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес облыс әкімдігі жеңілдетілген несиелеу тетіктерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.