Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026

Жетісу облысында түрмеден шартты түрде босатылған азаматқа үй берілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысы Қаратал ауданының прокуратурасы меценаттармен бірлесіп, түрмеден шартты түрде босатылған көпбалалы анаға 3 бөлмелі үй сыйлады. Ш. есімді әйелдің әлеуметтік бейімделуіне атсалысқандар баспананы ресми түрде тұрғынның атына рәсімдеген, деп жазады Egemen.kz.

Жетісу облысында түрмеден шартты түрде босатылған азаматқа үй берілді

Фото: info.homsters.kz

«Отбасын тұрақты баспанамен қамтамасыз ету кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және ананың қоғамға сәтті бейімделуіне негіз болды», делінген прокуратура хабарламасында. 

Жетісу облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды

Сондай-ақ құзырлы орган қолдауымен пробация қызметінің есебінде тұрған азамат К.-ға дәнекерлеу цехын ашу үшін 1,5 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік қайтарымсыз грант бөлінген. Жеке ісін ашу азаматқа қоғамға заңды түрде араласуға және отбасын тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. 

Бұған дейін Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынғанын хабарлағанбыз.

Айта кетейік, Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында орналасқан Мәдениет үйін күрделі жөндеу кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар