Қоғам • 23 Қаңтар, 2026

Қазақстан мен Қытай су саласының мамандарын даярлайтын колледж құрады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Қытай еліміздің су шаруашылығы саласына жұмысшы кадрлар даярлайтын бірлескен колледж құруға бағытталған жоспарларды пысықтады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Қытай су саласының мамандарын даярлайтын колледж құрады

Фото: gov.kz

Атап айтқанда, колледжді құрудың ұйымдастырушылық-құқықтық моделін әзірлеу, су шаруашылығы саласының қажеттіліктерін ескере отырып, басым бағыттағы мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын дайындау және келісу көзделген.

Сондай-ақ су шаруашылығы объектілерінде өндірістік тәжірибеден өтіп, дуальды оқытуды енгізу және оқу жоспарларын, зертханалық базаны және біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеуге қытайлық серіктестерді тарту жоспарланған. Бұдан бөлек, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, оның ішінде қысқамерзімді тағылымдамалар мен оқу модульдерін өткізу, түлектердің біліктілігін тану және оларды су шаруашылығы саласындағы ұйымдарға одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелерін пысықтау қарастырылған.

Алматы облысының колледждері Қытай, Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық орнатты

«Бұл жобаны іске асыру қытай тарапының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Колледж білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қытайлық серіктестермен бірлесіп, қазір жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары да қолға алынған. Биыл Power China компаниясының есебінен Қытайға оқуға 200 адам жіберіледі. Былтыр көрші елде су шаруашылығы саласындағы 125 маманымыз білімін жетілдірген», деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялық технологиялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова.
Айта кетейік, Қытай Халық Республикасы ел азаматтары үшін 73 білім гранты бөлінгенін де хабарлады. Білім грантының иегерлері тегін жатақхана және шәкіртақымен қамтылады. 
Соңғы жаңалықтар