Фото: olympic.kz
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Александра Скороходова тау шаңғысы спортындағы слалом, гигант слалом және супер-гигант атты үш бірдей сайыста өнер көрсетеді.
Ал Ростислав Хохлов слалом мен гигант слаломда бақ сынайды.
Айта кетейік, төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел атынан спорттың 10 түрінен 36 спортшы жүлдеге таласады. Бұл 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарымен салыстырғанда екі спортшыға артық.
Спорт бәсекесін отандық арналар тікелей эфирде көрсетеді.
Ел спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында қандай киім үлгісімен өнер көрсетеді?