е
Парламент • 12 Ақпан, 2026
Ата заң жобасы мақұлданған жағдайда Парламент өкілеттігі қашан тоқтатылады?
Жаңа Конституция референдумда қолдау тауып, қабылданған жағдайда Парламент өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатады. Бұл туралы Ата заңның жаңа жобасында көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Мектептегі қысым: Балалар арасындағы буллингтің зардабы қандай?
Соңғы жылдары елімізде балалар арасындағы буллинг белең алып келеді. Қатарластары тарапынан мазаққа ұшырап, әлімжеттік пен дөрекілік көргендері томаға тұйықталып, қоғамнан оқшауланып жатыр. Кейбірі тіпті тығырықтан шығатын жол таппай, өз-өзіне қол жұмсайды. Технология дамып, әлеуметтік желінің ықпалы күшейген сайын киббербулингке ұшырайтын балалар саны да артып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 12 Ақпан, 2026
Шығыс Қазақстан жастары референдумды қолдайды
15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты. Олар үшін болашақ – алыс көкжиек емес, бүгінгі таңдаудан басталатын нақты жауапкершілік. Өйткені мемлекет ертеңі әр азаматтың саналы шешімі мен азаматтық ұстанымына байланысты айқындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Ақпан, 2026
Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтіп, қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 12 Ақпан, 2026
Қазақстаннан Қытайға 12,3 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді
Қытайға жемдік ұн тиелген контейнерлік пойыз аттанды. Жалпы көлемі 12,3 мың тоннаны құрайтын өнім Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдауымен жөнелтілді. Бұл қадам екі ел арасындағы аграрлық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Әулиекөлде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Әулиекөлде халықтың әлеуметтік осал топтары санатында тұрған 24 отбасы баспаналы болды. Қоныс қуанышына орай өткен салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды құттықтап, пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы: Қаңтар айында қанша теңге төленді?
2026 жылдың қаңтар айында елімізде 164,1 мың азаматқа бала тууына және оның күтіміне байланысты 59,2 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Жәрдемақылар республикалық бюджет пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) есебінен төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Ақпан, 2026
Әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері ауысты
Күрес федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері қызметіне Нұрсұлтан Теміров тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Павлодар трамвай паркі облыстың коммуналдық меншігіне өтті
«Д.Д. Махмудов атындағы Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ акциялар пакеті «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан Павлодар облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілді. Бұл туралы «Павлодар» ӘКК басқарма төрағасы Дәурен Жамбайбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді
30 қаңтар күні Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Үшем 11 тәулік орталық дәрігерлерінің бақылауында болып, кеше үйлеріне шығарылған, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 12 Ақпан, 2026
Қайым Мұхамедхановтың туғанына – 110 жыл: Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ғалым, абайтанушы, жазушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қайым Мұхамедханов – адал азамат, тарихи тұлға» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жиын барысында Ғарифолла Есім, Тұрсын Жұртбай, Айгүл Ісмақова, т.б. ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қайраткер қаламгердің ғылым мен әдебиеттегі орнына жан-жақты тоқталып, өмірі мен шығармашылығына арналған мазмұнды баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
118 млн теңге залал: Бухгалтер мемлекеттік кәсіпорынның ақшасын бәске тігіп, көлік сатып алған
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2026
Петропавлда алаяқтың арбауына түскен әйел 18 млн теңгесінен айырылды
Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғыны аляққа алданып, банктегі пәтер алуға жететін қаражатынан айрылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2026
Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпазы атанды
Дубайда әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды. Бес бәсекелі күн ішінде әлемнің 48 елінен 109 команда іс-әрекеттің шеберлігін, жылдамдығын, тактикалық ойлауын және үйлесімділігін барынша көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Ақтоғай ауруханасына 6 жаңа санитарлық автокөлік берілді
Жақында Ақтоғай ауданының әкімі Абылай Аманжолов «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аудандық орталық ауруханаға алты жаңа санитарлық автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 12 Ақпан, 2026
Екібастұз ГРЭС-3 станциясы салынады: Елдің электр энергия өндірісі ұлғаяды
Павлодар облысы көмір генерациясын дамытуға бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыруда маңызды стратегиялық рөлге ие. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір Қазақстанда өндірілген электр энергиясының 42%-ын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 12 Ақпан, 2026
Рыбакинаға Ресейге кіруге тыйым салынбақ
Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтярев шетелдің спорттық азаматтығын қабылдаған ресейлік спортшыларға Ресейге кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Әкімдер мен мәслихаттардың өзара іс-қимыл тәртібі Ата заңда қалай бекітілген?
Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша – шешім, ал әкімдер шешім мен өкім қабылдайды, бұлар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орындалуға міндетті. Бұл туралы жаңа Конституцияның қорытынды жобасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Қазақстан − Германия келіссөздері: Қай салаларда серіктестік артады?
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германияға сапары аясында елдің экономика және энергетика министрі Катарина Райхемен кездесті. Келіссөздерде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланып, индустриялық-технологиялық сала, энергетика, логистика, цифрландыру және ауыл шаруашылығы бағыттарына басымдық берілді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Жаңа Конституцияда жеке деректерді сақтауға заңмен кепілдік беріледі
Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасы жарияланды. Жобада жеке өмірге қол сұғылмау құқығына заңмен кепілдік берілетіні жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Вице-Президентті кім тағайындайды?
Бүгін жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасында Вице-Президент өкілеттігіне қатысты талаптар айқындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Су саласын жүйелеу басталды: Сегіз бассейнге арналған жоспар әзірленеді
Су қорын қорғау мен тиімді пайдалануға бағытталған ауқымды жұмыс басталды. Су ресурстары және ирригация министрлігі ел аумағындағы сегіз су шаруашылығы бассейні бойынша арнайы жоспарлар әзірлеуге кірісті. Бұл бастама алдағы жылдары су саясатын жаңаша қалыптастыруға негіз болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Қолданыстағы Конституцияның күші қашан жойылады?
Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады. Бұл туралы бүгін жарияланған Конституция жобасының 94-бабында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2026
Шымкентте үстіне ағаш құлаған 4-сынып оқушы қаза тапты
Шымкент қаласында өткен түні қалың қар жауды. Қалада ағаштар құлап, кейбір аудандарда электр желілері үзілді. Қолайсыз ауа райының салдарынан 4-сынып оқушысы қаза тапты. Баланы аула сыпырушылар тауып, жедел жәрдем шақырған. Қайғылы жағдайды қала әкімдігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Ақпан, 2026
12 ақпанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бүгін бірқатар облыста тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2026
Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды
Бүгін жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасында Мемлекет басшысын кезекті сайлау тәртібі мен дауыс беру қорытындысын шығарудың талаптары айқындалды, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 12 Ақпан, 2026
Құрылтай депутаттары қалай сайланады?
Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Бұл туралы жаңа Конституцияның қорытынды жобасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі қанша жыл?
Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасы жарияланды. Жобаның 53-бабында Құрылтайдың өкілеттік мерзімі көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2026
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы жарияланды. Төменде толық мәтіні ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.