2024 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «химия» мамандығы бойынша тәмамдаған Райымбек мамандығының қызмет көрсету саласына қажеттілігін аңғарды. 2025 жылы серіктесі Бауыржан Алдияровпен Ақтаудағы «ABS deteiling» химиялық тазалау орталығының негізін қалады.
Жеке кәсіпкердің айтуын-ша,Ақтау қаласының жүргі-зушілеріне химиялық тазалау, көлікке қорғаныс қаптамаларын жабыстыру сұранысқа ие. Бастысы – сапалы қызмет көрсетуді жолға қою керек. Сапалы қызмет көрсетуді, тұтынушыларының көңілінен шығуды және бәсекелестікке төзімділікті қалыптастыруды мақсат еткен серіктес жігіттер жан-жақты ізденіспен жұмыс істеуді жөн санайды. Олар қазір он адамға тұрақты жалақы төлеп жұмысқа алған, алдағы жартыжылдықта тағы да 5-10 адамды жұмыспен қамтығысы келеді.
– Біз әлі пайда табуға шыға қойған жоқпыз. Бірақ қазіргі мақсатымыз – қызмет көрсетуді жоғары деңгейге көтеріп, қызметкерлерімізге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толықтай жалақы төлеуді жолға қою. Бұйырса, әріптестеріміздің қатарын көбейтіп, өлке экономикасының алға жылжуына үлес қосқымыз келеді, – дейді жас кәсіпкер.
Кәсібін енді бастаған жас кәсіпкердің бастамасы тұтынушылардың көңілінен шығады деген сенімдеміз.
Маңғыстау облысы