Фото: imio.kz
Министр елімізде ғылымды қаржыландыру ұлғайтылғанын, Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар үшін салықтық ынталандырулар енгізілгенін, сондай-ақ алғаш рет эндаумент-қор құрылып, оған 2 млрд теңге тартылғанын, әрі қарай оның капиталын кезең-кезеңімен 10 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.
«Осы тұста экожүйенің өз алдына оқшау емес, Astana Hub және Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығымен тығыз өзара іс-қимыл арқылы қалыптасып жатқаны ерекше маңызды. Бұл ғылымды, стартаптарды, технологиялық командаларды және даму инфрақұрылымын біріктіретін бірыңғай контурды қалыптастырады», деді Саясат Нұрбек.