Соңғы жаңалықтар
Заң мен Тәртіп • 29 Сәуір, 2026
Қызылорда облысында 9 ай бойы қызды аңдыған жігіт жазасын алды
Қызылорда қаласының тұрғыны жәбірленушінің өзімен байланыс орнатқысы келмейтінін біле тұра, тоғыз ай бойы мазасын алып, жүйелі түрде аңдыған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2026
Педагогтер қағаз және электрондық есепті қатар жүргізу міндетінен босатылады
Мәжіліс «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттар педагогтердің құқығы мен мүдделерін заңнамалық деңгейде қорғауды күшейту мақсатымен депутаттардың бастамасымен әзірленген, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2026
Экстремистік және террористік материалдарды басып шығаруға тыйым салынады
Елімізде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылды құқықтық тұрғыдан жетілдіру бағытында маңызды қадам жасалды. Мәжіліс қараған түзетулер аясында заңнамалар өзара үйлестіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нақты тетіктер күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Ақтөбе облысында белгісіз дрон бөлшектері табылды
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы жазық алқаптан ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылды. Қазір оқиға орнына полиция мен жедел қызмет өкілдері жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Елтаңбаны қоқыстан алып шыққан блогер айыппұл арқалады
Жетісу облысы Ақсу ауданында блогерге төрт жыл бұрын жасаған әрекеті үшін 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Сәуір, 2026
VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы аталған Азия додасында табысты өнер көрсетті. Отандастарымыз шешуші кездесуде Оңтүстік Корея құрамасын 3:0 (4:2, 2:1, 3:2) есебімен жеңіп, қола медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Сәуір, 2026
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Қазақстанда мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны арттыру туралы Президент Жарлығы жобасы әзірленді. Құжат 2026 жылғы 18 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2026
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
2026 жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша мыңдаған жұмыскердің еңбек құқығын қорғап, жалақы берешегін өндіріп алу бағытында нақты шаралар қабылдады. Нәтижесінде 18,5 мыңнан астам азаматтың құқығы қалпына келтірілді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Сәуір, 2026
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Мәжіліс депутаттары қазіргі медициналық білім беру моделі студенттерге жеткілікті тәжірибе бермейтіндігін атап өтіп, оқу мерзімін тағы бір жылға ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке ілтипат білдіріп, Қазақстан жұртшылығы оны Чех Республикасында ғана емес, Еуропаға белгілі саяси қайраткер ретінде жақсы білетінін жеткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 29 Сәуір, 2026
Зеленский: Ресей шабуыл операцияларын жоспарлап, мобилизацияны кеңейтуді көздеп отыр
Украина президенті Владимир Зеленский Бас барлау басқармасының басшысы Олег Иващенкомен өткізген кеңестен кейін Ресей тарапы жаңа шабуыл операцияларын жоспарлап, қосымша адам күшін тартуға дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Сәуір, 2026
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Power Slap – UFC президенті Дана Уайтқа тиесілі күшті соққылар бойынша жарыс лигасы. Жаңартылған рейтингте ауыр салмақта өнер көрсететін Закир Найманбаев өз орнын жақсартып, үздік 3 спортшы қатарына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Сәуір, 2026
Алматыдағы медициналық мекеме науқастардың денсаулығына қауіп төндіретін құрылғыларды пайдаланған
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті департаменті Алматы қаласындағы «Орталық қалалық клиникалық аурухана» мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 29 Сәуір, 2026
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Мәжілісте «Педагог мәртебесі және білім беру» мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Енді білім мекемелерінде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Елімізге Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабиш ресми сапармен келді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Сәуір, 2026
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Соңғы аптада жайдарманшы және филолог мамандардың Қазақстан күрес федерациясына жауапты қызметтерге тағайындалуы әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Сәуір, 2026
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай елде шектеулі сериямен Дональд Трамптың бейнесі бар жаңа паспорттар шығару жоспарланып отыр. Құжаттың сыртқы келбеті жаңартылғанымен, қауіпсіздік талаптары бұрынғыдай сақталады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2026
Тәуелсіз сауалнама: Президентке халықтың қанша пайызы сенім білдіреді?
Сәуір айында жүргізілген тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижелері Қазақстан азаматтарының билік институттарына деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Бұл туралы Demoscope зерттеу жобасының деректерінде айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 29 Сәуір, 2026
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Қазақтың ең көрнекті эпостарының бірі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» заманауи технология арқылы жаңаша сипат алды. 29 сәуірде көпшілікке «Махаббат серті» атты ЖИ негізіндегі медиажобаның трейлері ұсынылып, таныс хикаяның жаңа қыры ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 29 Сәуір, 2026
Өткенде мектепте жұмыс істеп келе жатқанына қырық жылдай уақыт болған Бауыржан Мағазұлы есімді ағаймен аз-кем сөйлесіп қалдық. Оқушыларға қатысты әр мәселенің басын бір шалған қазақ тілі пәнінің мұғалімі бір кезде: «Қазіргі ұрпақ тым ұсақталып кетті. Өте нәзік. Жаны да, тәні де әлсіз. Сәл нәрсеге бола морт сынып, кішкене қара жұмысқа жұмсасаң, қиналып қалады», деді. Нені меңзеп тұр екен деп, әңгімеге тарттық. Сөйтсек бірер күн бұрын мектеп маңына ағаш көшетін егу үшін 10–11 сыныптың ұлдарына жер қаздырған екен. Ертесіне «күректен қолымыз ойылып, жара шығып кетті» деп жартысына жуығы сабаққа келмей қалыпты.
Елорда • 29 Сәуір, 2026
Астанада ет, сүт өнімдерін арзан бағада қайдан алуға болады?
Мамыр айының 1, 2, 3 күндері елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Мерекелік жәрмеңке Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Сәуір, 2026
Қамшыбек Ташиевке Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды
Қырғызстанда бұрынғы жоғары лауазымды үш шенеунік – ҰҚК-нің экс-төрағасы Қамшыбек Ташиев, бұрынғы депутат Курманкул Зулушев және Жогорку Кенештің экс-спикері Нурланбек Шакиев Ішкі істер министрлігінде жауап алуға шақырылды. Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2026
Бурятияда қар көшкіні жүрді: Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар
28 сәуір күні Бурятияның Муй ауданындағы «Ирокинда» кенішінде 9 адам технологиялық жолды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқанда қар көшкіні болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
«Абай төсегін жинамаған». Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады
Танымал журналист, блогер әрі деректі фильмдердің авторы Әлия Әшім ұлы ақын Абай Құнанбайұлы туралы пікірі үшін тағы да сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Өскемен әуежайы 8,9 млн теңге айыппұл төледі
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Өскемен әуежайы» АҚ-ға қатысты жүргізілген тергеп-тексеруді аяқтады. Тексеріс барысында әуежай қызметінде заңбұзушылықтар анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2026
«KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды
Елімізде кедендік рәсімдерді автоматтандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде адами факторды барынша азайту мақсатында «KEDEN» ақпараттық жүйесі іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған 25 жастағы әйел ұсталды
Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған ана ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мирас • 29 Сәуір, 2026
Жуалыға жол түссе, даңқты Бауыржан Момышұлының мұражайына соқпай кетпейміз. Онда сақталған ерекше жәдігерлер тұлғаның толық болмысын ашып, әртүрлі шығармашылық қырын танытады. Ерлікке толған жүректің өнерге деген іңкәрлігін, ішкі жан-дүниесінің рухани байлығын байқатады. Аңызға айналған ғұмырдың әр парағы, әр естелігі қаһарман кеуденің арғы жағындағы нәзік бір әлемнен сыр шертеді.
Қаржы • 29 Сәуір, 2026
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
29 сәуірде еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Сәуір, 2026
Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді
29 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстік және батыс өңірлерінде түнгі уақытта күн күрт салқындап, жер бетінде үсік жүруі мүмкін. Ал оңтүстікте керісінше аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.