Ауа райы • Бүгін, 09:24

Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстік және батыс өңірлерінде түнгі уақытта күн күрт салқындап, жер бетінде үсік жүруі мүмкін. Ал оңтүстікте керісінше аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді

«Қазгидромет» мәліметінше, кей аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Астанада күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +2…+4°C шамасында болып, жер бетінде үсік байқалуы мүмкін, ал күндіз +21…+23°C-қа дейін жылиды.

Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз: түнде +10…+12°C, күндіз +24…+26°C болады.

Шымкентте ауа райы құрғақ әрі ыстық, күндізгі температура +30°C-қа дейін көтеріледі.

Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Мұнда түнде +7…+9°C, күндіз +14…+16°C болады.

Ақтөбеде жауын-шашынсыз, түнде +1…+3°C, күндіз +16…+18°C шамасында болмақ. Атырауда да күн ашық, температура түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C аралығында сақталады.

Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау және Павлодар қалаларында жауын-шашынсыз, күндізгі температура +21…+26°C шамасында жылы болады. Қостанай мен Петропавлда да ауа райы тұрақты, күндіз +17…+22°C аралығы сақталады.

Оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда, Қызылорда мен Түркістанда, күн ыстық әрі құрғақ болып, ауа температурасы +30…+32°C-қа дейін жетеді. Тараз бен Талдықорғанда да күн ашық, +26…+28°C шамасында жылы болады.

Батыс өңірлердің кейбірінде, әсіресе Оралда, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Өскемен мен Семейде күн ашық, жауын-шашынсыз, күндіз +24…+26°C шамасында болады деп болжанған.

Соңғы жаңалықтар

Момышұлынан қалған мұра

Мирас • Бүгін, 10:15