Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Әуежайдың авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға жол бергені белгілі болды. Осыған байланысты уәкілетті орган тарапынан тиісті шаралар қабылданды.
Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабы 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалды. Кейін бұл іс сотта қаралып, тиісті шешім шығарылды.
Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2026 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен «Өскемен әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешіміне сәйкес, кәсіпорынға шамамен 8,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ шамамен 10,6 млн теңге монополиялық табыс мемлекет кірісіне тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған сомалар толық көлемде бюджетке төленгені белгілі болды.