Зерттеу қорытындысына сәйкес, респонденттердің 70%-дан астамы Қазақстанның даму бағытын дұрыс деп бағалайды. Атап айтқанда, 44,6%-ы ел «дұрыс бағытта дамып келеді» деп нақты жауап берсе, тағы 27,8%-ы «көбіне дұрыс бағытта» деген пікір білдірген. Бұл көрсеткіш күмәнмен қарайтындардың үлесінен шамамен үш жарым есе жоғары.
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Сауалнама нәтижелері бойынша Мемлекет басшысы қоғамдағы ең жоғары сенімге ие институт болып қала береді. Президентке сауалнамаға қатысушылардың 61,3%-ы сенім білдірген.
Сонымен қатар, Үкіметке респонденттердің – 47,4%-ы, жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктерге) – 50,2%-ы, Парламентке – 40,5%-ы сенім артқан. Құқық қорғау органдарына сенім білдіргендер үлесі – 46,8%-ды, ал сот жүйесіне – 43,7%-ды құрады. Жалпы алғанда, барлық мемлекеттік институт бойынша сенім білдірушілер саны сыни көзқарастағылардан айтарлықтай басым.
Сауалнама: Ата-аналардың 78%-ы баласының араласатын ортасын жақсы біледі
Бұдан бөлек, билік ұсынған «Әділетті Қазақстан» бағыты да қоғам тарапынан қолдау тапқан. Сауалнамаға қатысқандардың 55,6%-ы бұл ұстаным нақты жүзеге асып жатыр деп есептейді.
Аталған сауалнама Қазақстанның барлық өңірінде жүргізілген. Қатысушылардың 65,8%-ы сұрақтарға қазақ тілінде жауап беруді таңдаған.