Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі
Қазақстанда медициналық білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа өзгерістер қарастырылып жатыр. Енді 2022 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарына түскен түлектер резидентураны міндетті түрде өтпей-ақ жұмысқа кірісе алады, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 30 Сәуір, 2026
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Ақмола облысының Тайтөбе ауылында Халық қаһарманы, екінші дүниежүзілік соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 1945 жылдың 30 сәуірінде Рақымжан Қошқарбаев сұрапыл шайқас кезінде Рейхстаг ғимаратына алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккені тарихтан мәлім, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 30 Сәуір, 2026
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Қызылорда облысында еліміздегі ең ірі қорғалатын аумақтардың бірі – «Арал орманы» мемлекеттік табиғи резерваты құрылуы жоспарланып отыр. Жаңа қорықтың жалпы аумағы миллион гектардан асады, бұл оны Қазақстандағы ең ауқымды табиғи резерватқа айналдырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Бас прокуратура Швейцария азаматы Люк Ярчик Корнелияға қатысты жасалған 3,5 млрд теңге көлеміндегі алаяқтық ісі бойынша тергеуді аяқтады. Нәтижесінде шетелдік инвестордың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Сәуір, 2026
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, биылғы 4 мамырдан бастап мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер институтын енгізуді бастайды. Бұл қадам ішкі қарыз нарығын дамыту мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды реформалардың бірі болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 30 Сәуір, 2026
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында құрылатын Даму банкі арқылы заманауи технологияларды қаржыландыруға басымдық беріп, инвестиция көздерін кеңейту бағытында нақты қадамдар жасап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Сәуір, 2026
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Елімізде сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа кезең басталды – Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылып, барлық рәсімдерді бір ортаға біріктіруге мүмкіндік туды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Сәуір, 2026
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Еліміздің басым бөлігінде мамыр айында күн жылы болады, алайда кей кезеңдерде ауа райы құбылып, жаздағыдай ыстық пен түнгі үсіктер қатар байқалуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Алматы облысының Қарасай ауданындағы Абай ауылында картон зауытының аумағында өрт тіркелді. Оқиға орнынан қою қара түтін көтеріліп, елді мекен үстін тұмшалап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Ішкі істер министрлігі өнеркәсіп саласындағы қылмыстардың жолын кесу және бизнестің мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейтті. Соның нәтижесінде Қарағанды облысында ірі өндірістік кәсіпорында әрекет еткен қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Сәуір, 2026
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
2025 жылы Қазақстанда бір адам алкогольге орта есеппен 6,4 мың теңге жұмсаған. Осылайша соңғы 15 жылдағы ең төмен деңгей қалыптасып отыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Сәуір, 2026
Ресейде үш қазақ мектебі ашылады: Лавров білім саласындағы жаңашылдықтарды жариялады
Қазақстан мен Ресей алдағы уақытта алты бірлескен мектеп салу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Сәуір, 2026
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Halyk Finance сарапшыларының болжамынша, 2026 жылдың соңына қарай доллар бағамы 540 теңгеге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Сәуір, 2026
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов биыл боз кілемге қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы дзюдодан ұлттық құраманың кеңесші-бапкері Роберт Мшвидобадзе мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2026
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Атырау облысындағы №15 түзеу мекемесінде болған қайғылы оқиғадан кейін 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Көлік министрлігі «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 30 Сәуір, 2026
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Астанада А.Байтұрсынов пен Қ.Аманжолов көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл шектеу жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Сәуір, 2026
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Астана қаласында алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды. Белгісіз адамдар «сыйлық қорабын» ұсыну арқылы азаматтарды қорқытып, ақша бопсалауға тырысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2026
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсету, оларды күтіп-бағу және серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік айтарлықтай күшейтілмек. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Сенаттағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Сәуір, 2026
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Сәуір, 2026
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» • 30 Сәуір, 2026
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – бұлақ көздерін ашу, оларды тазарту және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 30 Сәуір, 2026
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматыда 2027 жылдан бастап атмосфералық ауаны қорғау қағидалары қолданысқа енгізіледі. Бұл талаптар кезең-кезеңімен іске асырылып, ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Сәуір, 2026
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Қазақстанда бұдан былай жауапкершілігі жоғары лауазым иелері міндетті түрде наркоскринингтен өтетін болады. Бұл туралы сенаторлар қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңда қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Сәуір, 2026
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Мамыр айынан бастап Қазақстанда бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді. Жаңашылдықтар салық, білім беру, көлік, цифрлық активтер және басқа да салаларды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Сәуір, 2026
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Соңғы жылдары елімізде ғылым мен жоғары білімді дамыту мақсатында жетекші шетелдік университеттермен серіктестік белсенді нығайып келеді. Осы орайда Алматыда халықаралық деңгейдегі Innotech университеті ресми түрде есік ашты. Бұл жоба Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Сәуір, 2026
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады. Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Алматыда көптен бері ашылуы кейінге қалдырылып келген еліміздегі алғашқы крематорий ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2026
Бабақұмаров ісіне қатысты үкім шықты: Шенеуніктің өліміне кінәлі адам 11 жылға сотталды
Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы елорданың қылмыстық істер жөніндегі соты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2026
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауыты салынып жатыр. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы әрі Орталық Азиядағы жүгеріні терең өңдеп, жоғары қосылған құны бар өнім шығаратын ең ірі кешен болмақ, деп жазады Egemen.kz.