Соңғы жаңалықтар
Ғалам ғажаптары • 14 Қараша, 2025
Осыдан біраз жыл бұрын Арал теңізінің тартылған түбінен ғалымдар түсініксіз геометриялық фигуралар тауып алған. Оның құпиясы әлі күнге дейін ашылмаған.
Қаржы • 14 Қараша, 2025
Kurs.kz Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттерінде орнатылған валюта бағамдары туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 14 Қараша, 2025
Білесіз бе, ғарышкерлер ешқашан 24 қазанда ғарышқа ұшпайды. Себебі бұл күн кеңестік ғарыш тарихында «қаралы күн».
Жәдігер • 14 Қараша, 2025
Арқалықтағы «Дала өлкесі тарихы» мұражайында Торғай үлгісінде жасалған сәукеле сақтаулы тұр. Кезінде осы өңірдің тұрмыстық мәдениетін көп зерттеген Өзбекәлі Жәнібектің тапсыруымен белгілі шебер Қырым Алтынбековтің қолынан шыққан бұл жәдігерлік жергілікті жердің этнографиялық ерекшелігі негізінде жасалған.
Көрме • 14 Қараша, 2025
Астанадағы Президенттік орталықта Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: шынайылық» атты фотокөрме ашылды. Іс-шараның ашылуына мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Өнер • 14 Қараша, 2025
Түркістан қаласының ерекше мәртебе алуына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» атты облыстық фестиваль қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл айтулы іс-шара мамыр айынан басталып, өңірдің барлық аудан-қаласынан келген өнер ұжымдары өзара сынға түскен болатын.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған орай қоғамдағы еңбек адамына деген құрметті арттыру мен жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын бағалауға деген оң көзқарас қалыптаса бастады. Әсіресе әскерилердің озық техниканы меңгеруі мен кәсіби біліктілігін арттыруы ел тұрақтылығының негізі екенін ұмытпауға тиіспіз.
Еңбек • 14 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласында қағазсыз жүйеге көшу қажеттігін осыған дейін бірнеше мәрте айтты. Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті тапсырма жүктеді. Өйткені дәрігерлер бұрынғыдай есеп-қисапқа бас қатырмай, пациенттердің денсаулығын жіті тексеруге көбірек уақыт арнауы қажет. Бұл істі реттемей медицина жаңғырып, қызмет көрсету сапасы артты деп айту қиын.
Денсаулық • 14 Қараша, 2025
Жыл сайын күз мезгілінде жұқпалы вирустық инфекциялар күшіне мініп, әбігерге түсетініміз бар. Әсіресе балалардың қызуы көтеріліп, жөтел қысатын жағдай жиілейді. Мұндайда дәрігерлер ата-аналарға ешқашан үй жағдайында емделмеуге кеңес береді. Себебі жұқпалы вирустың түрі дәл анықталмағанның әрі дәрі-дәрмекті орынсыз тұтынғанның салдары баланың иммунитетін әлсіретіп, денсаулығына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Мәдениет • 14 Қараша, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Шымкенттегі Достық үйінде «Жанға жайлы жерұйық – біздің Отан» атты фестиваль ұйымдастырылды. Мерекелік жиынның өтуіне қалалық Армян, Славян этномәдени бірлестіктері ұйытқы болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шара арқылы елімізде тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, бейбітшілік пен тыныштық қоғамның басты байлығы деген ұранды дәріптеу көзделді.
Спорт • 14 Қараша, 2025
71 жасында Азия чемпионы атанды
Үндістанның Ченнаи қаласында өткен Азия чемпионатында (Asia Masters Athletics) жерлесіміз, жеңіл атлет Төлеген Қожахметов өз жас санатында толайым табысқа қол жеткізді.
Күрес • 14 Қараша, 2025
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылының тумасы, талантты балуан Нұржан Асан АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «Bill Farrell International 2025» турнирінен жүлделі оралды. Грек-рим күресінен 87 кг салмақта күміс медаль иеленді.
Шымкент • 14 Қараша, 2025
Жоғары мектеп: халықаралық әріптестік
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Arizona State University арасында білім саласы бойынша стратегиялық әріптестік орнады. Осы мақсатқа орай халықаралық әріптестікті дамыту және отандық жоғары білімді жаһандық академиялық кеңістікке интеграциялау аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі, АҚШ-тың Arizona State University және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім стратегиялық академиялық әріптестікті нығайтуға, елімізге әлемдік деңгейдегі білім беру бағдарламаларын енгізуге, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға және студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге бағытталған.
Спорт • 14 Қараша, 2025
Павлодарда КСРО спорт шебері, құрметті спорт қайраткері Амангелді Аймағамбетовтің құрметіне жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. Биыл жиырмасыншы мәрте ұйымдастырылған бәсекеге 200-ден астам жас балуан қатысты. Атаулы сайысты республикалық жарыстар алдындағы іріктеу турнирі деуге болады.
Бокс • 14 Қараша, 2025
Осыдан біраз уақыт бұрын Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында ел спорты тарихында бірнеше тарихи оқиға тіркелді. Аталған жарыста ағайынды 24 жастағы Махмұд пен 19 жастағы Төрехан Сабырхан бас жүлдені олжалады. Ағасының бұл екінші атағы болса, інісі алғаш рет осындай биікке көтерілді. Тұманды Альбион елінде Айбек Оралбай да теңдессіз деп танылды. Оның сыңары Нұрбек осыдан екі жыл бұрын Ташкентте қарсылас шақ келтірмеген еді. Олар – 25 жастағы жалындап тұрған жігіттер. Осылайша, қазақтың киелі шаңырағынан әлем чемпиондары қос-қостан шығып жатыр. Осындай мерейлі сәтте қазақ спортының тарихына үңіліп, бір әулеттен шыққан чемпиондарды түгендеп шығуды жөн көрдік.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы барын ел білсе керек. Аталған орынмен бірге «Жошы ұлысы» ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ Ә.Марғұлан атындағы Археология институты және К.Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институты елорда төрінде «Жошы ұлысы дәуірі мұрасының контексіндегі Бозоқ: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Өнер • 14 Қараша, 2025
Облыс орталығындағы әдебиет және өнер мұражайында Суретшілер одағының мүшесі Ибрагим Исаның «Еркіндік пен үнсіздік» тақырыбындағы жеке көрмесі өтті.
Өндіріс • 14 Қараша, 2025
Кронен-тығын – шыны бөтелкені жабатын металл қақпақ. Ол газды сусындардың сапасын сақтауға көмектеседі. Бұрын бұл қақпақтар елімізге шетелден әкелінетін еді. Қазір ол өзімізде шығады. 2016 жылы «Ala Sintez» ЖШС кронен-тығын өндірісін іске қосты. Қысқа мерзім ішінде бұл салада Орталық Азиядағы өндірушілер арасында көшбасшы орынға ие болды.
Мирас • 14 Қараша, 2025
Әр қазақ домбыраны ұлт құндылығы ретінде қадірлеп, төріне іледі. Жақында Президент Жарлығымен ұлттық музыкалық аспап нышаны ретінде бекітілді. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде әр кезеңде жасалған 80-нен астам домбыра сақтаулы тұр. Әр домбыраның өзіндік тарихы бар. Құндылығы жоғары аспаптың бәрі дерлік – ұлт руханиятының дүлдүлдері, қазақ өнерінің қайталанбас дарабоздары ұстаған домбыра.
Көрме • 14 Қараша, 2025
Украин халқының ұлы ақыны, суретші, ойшыл Тарас Шевченко өмірінің он жылдан астам уақытын қазақ жерінде өткізгені мәлім. Қазақ даласындағы әскери бекіністе саяси тұтқын ретінде әскери міндетін өтеген ол осы кезеңде шығармашылық тұрғыдан толысып, көптеген туындыларын дүниеге әкелді.
Зерде • 14 Қараша, 2025
Солтүстіктен шыққан екінші «нарком»
Қуғын-сүргін жылдарында мерт болған Қызылжар өңірінен шыққан бірінші «нарком» Смағұл Сәдуақасұлы болса, екіншісі – Біржан Манкин. Бұл кісінің есімі өзге түгіл өзінің жерлестеріне де таныс емес. Өйткені жас кезінен үлкен қызметтермен жүрген ол еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет істеп, туған жерімен байланысын үзіп алған. Жуырда жерлесіміз, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Астанадағы филиалының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнар Мұқанованың жариялаған материалдарының негізінде біз ол туралы жазуды қолға алдық.
Кино • 14 Қараша, 2025
«Басқалардың өмірі» – қайта оралмас қоғам
Неміс кинорежиссері, сценарист һәм продюссер Флориан Хенкель фон Доннерсмарктің 2006 жылы көрерменге жол тартқан «Басқалардың өмірі» атты кино картинасынан тоталитарлық жүйенің азалы үні естіледі. Кеңестік заманды аңсайтын жандар қалайда осы туындыны бір көруге тиіс.
Өнер • 14 Қараша, 2025
Көк жүзіндегі бұлттай көшкен жылдар тізбегіне көз салған сайын ондаған ой өз құрсауына алатыны бар. Сан сауалдың жауабын іздеп, көңіл бірде көкке өрлеп, бірде құлдилайды. Кейде өткен шаққа қарайлап, көңіл шіркіннің көк теңіздей толқитыны белгілі. Бірде деректі, бірде дерексіз дүниелер сананы сан саққа жүгіртеді. Құстай ұшқан уақыттың қанатынан қармау әсте мүмкін емес. Содан да болса керек, көз ұшынан алыстаған жылдарға деген сағыныш сарқылмайтындай көрінеді.
Өнер • 14 Қараша, 2025
Сурет айналасында жүргендердің көбі Ерболат Төлепбайдың тосын картиналары туралы сөйлегенде, Еуропаға еркіндеп есік ашқанын, атақты Сальвадор Далидің ізбасары екенін, реализмнің басынан аттап өтіп, сюрреализмге жол салып, одан да әрі ілгерілеп, постсюреализмге аяқ басып, еркін көсілгенін айтады. Дұрыс қой. Сөйте тұра біз оның әлгіндей измдер мен ағымдардың ауылына ат шалдырып қана қоймай, туған топырағына қайтып, өзінің сары даласының қайнарынан құнар алған қазақы мәнерін де айтқымыз келеді.
Тұлға • 14 Қараша, 2025
Қайсар қаламгердің Темірдегі іздері
Қазақ руханиятында өшпес із қалдырған жазушы, драматург, журналист Жиенғали Тілепбергеновтің 130 жылдығы Темір ауданында аталып өтті. Уфадағы «Ғалия» медресесінің түлегі, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Ақтөбе облысының Темір, Орқаш болыстарында, Қандыағашта мектептер ашып, мұғалімдік қызмет атқарып, Ақтөбеде «Кедей», Петропавлда «Бостандық туы», Қызылордада «Сыр бойы» басылымдарында, Алматыда қазақ мемлекеттік баспасында еңбек еткен.
Зерде • 14 Қараша, 2025
Жамбыл мен Лахути: Рухани үндестік
1936 жылдың 5 желтоқсаны – қазақ тарихындағы атаулы күндердің бірі. Дәл осы күні КСРО өкіметінің шешімімен Қазақстан автономиялық республикасы одақтас республикаға айналды. Аталған сүйінші хабарды естіген тәжіктің әйгілі ақыны Абулқасым Лахути жыр алыбы Жамбылға өлеңмен хат жазып, бүкіл қазақ халқын тарихи оқиғамен құттықтаған. Жамбыл да ақынның ықыласты пейілі мен риясыз лебізіне жырмен жауап хатын жолдап, Лахутидың тілегін бүкіл тәжік жұртшылығының құттықтауы ретінде қабыл алды.
Digital • 14 Қараша, 2025
Алматы қаласы Медеу ауданындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары альцгеймер ауруын ерте анықтайтын жасанды интеллект платформасын жасады.
Digital • 14 Қараша, 2025
«Aleem» «duolingo»-ны артта қалдырды
Қазақ жастары әзірлеген «Aleem» атты ағылшын тілін үйрететін мобильді қосымша Қазақстан «App Store» рейтингінде әлемге әйгілі «Duolingo»-ны басып озып, бірінші орынға шықты. Бұл жетістікке жоба ешқандай инвестициясыз, жарнамасыз және шағын командамен ғана қол жеткізген.
Энергетика • 14 Қараша, 2025
Энергия сақтау жүйелері зауыты
Елімізде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды үйлестіретін өндіріс пайда болмақ. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Clearbrook Energy Solutions», отандық «AG-Tech» компаниялары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, елімізде энергия сақтау жүйелерін (BESS) өндіретін зауыт салуға уағдаласты. Бұл жоба – ел энергетикасын және цифрландыру саласын жаңа деңгейге көтеретін шешімдердің бірі болмақ.
Digital • 14 Қараша, 2025
«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы аясында небір мықты жобалар таныстырылып жатыр. Солардың ішінде ерекше көзге түскені – Ерсұлтан Ермановтың «TrustExam.ai» стартабы. Емтихан кезінде айласын асырғысы келгендерді қалт жібермейтін осы бір технология көпшілік көңілінен шығып отыр.