Фото: sports.kz
Матч Қазақстан уақытымен түнгі 01:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасы көрсетеді.
7 турдың қорытындысы бойынша «Арсенал» негізгі кезеңде көш бастап тұр. Лондондық клуб барлық 7 ойында жеңіске жетіп, 21 ұпай жинаған. Ал «Қайрат» дәл осындай матч санынан небәрі 1 ұпай еншілеп, турнир кестесінде соңғы 36-шы орында тұр.
Чемпиондар лигасында гол соққан «Қайрат» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысады
Алдыңғы турда «Арсенал» сырт алаңда Италияның «Интерін» 3:1 есебімен ұтса, «Қайрат» өз алаңында бельгиялық «Брюггеден» 1:4 есебімен ірі жеңіліс тапқан еді.
УЕФА Темірлан Анарбековты Мбаппе мен Холандтың қатарына қосты