іс
Үкімет • 28 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік сатып алу: Реформа бюрократиялық кедергілерді жоя алды ма?
Президент мемлекеттік сатып алу жүйесін жаңғырту міндетін қойды және 2025 жылғы қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң қабылданды. Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл қабылданған шаралар нарық қатысушылары үшін де, жалпы жүйе үшін де айтарлықтай нәтиже көрсете бастағанын айтты. Заң тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер үшін ашық әрі бәсекеге қабілетті жағдай қалыптастыруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 27 Қаңтар, 2026
OrdaMed басшысы ҰҚК таққан айыптауларды жоққа шығарды
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) «OrdaMed» АҚ-на медициналық құрал-жабдықтардың жалған өндірісімен айналысты деген айып таққан болатын. Аталған мәлімдемеге жауап ретінде «OrdaMed» АҚ-ның негізін қалаушы әрі басшысы Еркін Ділімбетов ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Түркістанға еліміздің басқа облыстарынан 62 885 адам қоныс аударған
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжановтың мәлімдеуінше, өңірде қоныс аударушылар саны өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қаңтар, 2026
«Қайрат» қос қақпашы – Анарбеков пен Қалмырзаға қатысты шешім қабылдады
«Қайрат» футбол клубы Темірлан Анарбеков және Шерхан Қалмырзамен келісімшартты ұзартты. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қос қақпашы алдағы екі жыл бойы алматылық клубтың намысын қорғайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін
Жетісу облысы Жаркент қаласында баласын байлап қойып, аяусыз ұрған 28 жастағы әйелге қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі (азаптау) бойынша жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясы 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу кезеңінде күдікті сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
25 қаңтар күні сағат 14:35 шамасында Алматыдағы Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында автобус жүргізушісінің кенеттен денсаулығы нашарлап, оқиға орнында жан тапсырған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді
Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Еркін Дүйсенов жалпы ережелер мен адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты бөлімдерді түзетудің негізгі бағыттарын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 26 Қаңтар, 2026
Айдос Сарым: Жаңа Парламенттің өкілеті кеңейеді
Конституциялық реформа аясында ұсынылып отырған өзгерістер болашақ Парламенттің, яғни Құрылтайдың саяси салмағын едәуір арттыруға бағытталған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Қаңтар, 2026
Фармацевтика саласындағы былық: Жалған құжатпен медициналық жабдықтар жеткізген компания анықталды
Қазақстанда медициналық құрал-жабдықтардың жалған өндірісімен айналысқан компания анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
Дәрігерлер де дәрменсіз: Үндістанда емі жоқ вирус тарады
Үндістанның Калькутта қаласы маңында вакцинасы да, емі де жоқ Нипах вирусы өршіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 25 Қаңтар, 2026
Виктор Мозес «Қайсарға» ауысты
Қызылордалық «Қайсар» клубы әлемдік деңгейдегі танымал тұлға, Нигерия құрамасы мен лондондық «Челсидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Виктор Мозестің сапқа қосылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қаңтар, 2026
Жетісу облысында болған жол апатынан 5 адам қаза тапты
Жол апаты салдарынан 5 адам қаза тапты. Ал зардап шеккен 2 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
«Ақ жол» партиясы банктік құпияны Конституциялық қорғауды күшейтуді ұсынады
«Ақ жол» демократиялық партиясы Мемлекет басшысы Ата заңға енгізуді ұсынған концептуалды өзгерістерді қолдайды. Бұл туралы партияның фракциясын басқаратын Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 23 Қаңтар, 2026
Қарызын төлемеген банктерге байланысты не өзгерді?
Енді банктерге мемлекет алдындағы қарызын өтеп, тыныш өмір сүруден өзге жол қалмай тұр. Бұрын банктерге мемлекет қолдау көрсеткенде түрлі тетіктер қолданылатын. Ұлттық банк жеңілдікпен субардинацияланған облигациялар банктер арасындағы бәсекеге кері әсер етті. Бұл банктің шығынын мемлекеттің мойнына артып, акционерлерін тасада қалдыратын. Енді бәрі өзгерді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) мемлекеттен қаржылай қолдау алған банктердің акционерлеріне дивиденд төлеу, акцияларды кері сатып алу және ірі акционерлердің үлесін қысқарту тәртібін қатаңдатты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қаңтар, 2026
Әкесін аяусыз ұрған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Түркістан облысындағы Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Түркістан облысында 531,1 мың гектар жайылым жетіспейді
Түркістан облысында жайылым жетіспеушілігі 531,1 мың гектар көлемінде қалыптасқан. Өңірде халық тығыздығының жоғары болуы, жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басының көптігі және елді мекендер маңындағы жайылымдарға түсетін жүктеменің шамадан тыс артуы жердің тозуына, экологиялық ахуалға әкеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 23 Қаңтар, 2026
Бес жылда 5 есе өсім: Қай облыстарда автобөлшектер бағасы шарықтап тұр?
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында елімізде автокөлік бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру көлемі 395,1 млн теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға өсті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Түркістан облысында К-21 каналы 40 жыл тазаланбаған
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ең ірі каналдардың бірі саналатын К-21 каналы үш ауылдық округтегі 20 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді. Бүгінде арнайы техниканың көмегімен каналдың барлық 22,8 шақырымы толық тазартылған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, мұндай ауқымды жұмыс соңғы 40 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет жүргізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Қазақстан − Қытай шекарасында жер сілкінді: Зілзала алматылықтарға сезілді ме?
Қазақстан сейсмологтары Қытай аумағында болған жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,3 болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Қаңтар, 2026
Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті
Үндістан астанасында өткен 11-ші Халықаралық ән-би фестиваліне (11th Music and Dance Festival) еліміздің өнерпаздары да қатысты. Аталған халықаралық алаңда қазақ өнерінің кең тынысы, кәсіби деңгейі мен заманауи үнқатысуы жарқын көрініс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Қаңтар, 2026
Шопандар мен бақташылардың балаларын әскерге шақыру кейінге қалдырылуы мүмкін
Қазақстанда шопандар мен бақташылардың балаларын мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру мәселесі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп қарастырылмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Сенатта мал шаруашылығын дамыту перспективалары талқыланған отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Қаңтар, 2026
Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Кеген» бекеті тәулік бойы жұмыс істейтін болады
Мәжіліс Қырғызстанмен шекарадағы «Кеген-автожолдық» өткізу пунктін тәулік бойы жұмыс режиміне көшіруді мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 20 Қаңтар, 2026
«Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілді
Кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті. Бұл – 2026 жылғы Чемпиондар лигасы мен еурокубоктар аясындағы алғашқы матч, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды
Жүргізуші 1 жыл ішінде 155 рет жол ережелерін өрескел бұзған. Ол тіпті биылғы 16 күннің ішінде 18 рет жол ережесін бұзып үлгерген екен, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады
Отандасымыз Александр Бублик бүгін Дженсон Бруксбиді (ATP рейтингісінде 48-орын) жеңді. Аталған матч 2 сағат 7 минутқа созылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026
Президент Ибраһим келісімдеріне не үшін кіргенімізді айтты
Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент дипломатияның жауапкершілігі мен халықаралық шешімдердің салмағына арнайы тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Астаналық жастар отандық иіссу өнімдерін дайындайды
Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясы мен Сервис және туризм колледжі өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Бұл келісім білім алушылардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған тың жобаның бастамасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2026
Қазақстанда әскери есепке алу ережелеріне өзгерістер енгізілді
Қорғаныс министрі 2026 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығымен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2026
Қазақстанда ең қатты арзандаған өнім белгілі болды
Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жаңартылған деректерді жариялады. Жалпы инфляция сақталғанымен, бірқатар өнімдердің бағасы айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Жаркенттегі жантүршігерлік оқиға: Анасы баласын батареяға байлап сабаған
Жетісу облысы Жаркент қаласында әйел өз баласын байлап қойып, қатыгездікпен ұрған. Әлеуметтік желіде таралған видео негізінде Панфилов аудандық полициясы жедел түрде тексеру жүргізіп, қатыгез ананы тергеу изоляторына қамады, деп хабарлайды Egemen.kz.