Экономика • Бүгін, 11:51

Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехия Еуроодақтан тыс елдермен, соның ішінде энергетикалық ресурстар жеткізуші мемлекеттермен сенімді әрі тұрақты серіктестік тетіктерін қарастырып жатыр. Бұл туралы Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы

Премьер-министр ірі бизнес-делегациямен бірге төрт күндік сапармен Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстанға аттанатынын айтты. Делегация құрамында энергетика, көлік, машина жасау және қорғаныс салаларындағы Чехияның ірі 50-ге жуық компаниясының өкілдері бар.

Бабиштің айтуынша, сапар барысында басты назар мұнай мен газ жеткізу бойынша келіссөздерге аударылады. Сонымен қатар бизнес-форумдарға қатысу жоспарланған.

Оңтүстік Корея Қазақстаннан 18 миллион баррель мұнай сатып алады

Бағдарлама аясында Чехия премьер-министрі Астанада Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновпен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ ол ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар