ана
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Астаналық кәсіпкер жаңа бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Елордалық полиция қызметкерлері алаяқтық схемасына қатысы бар деген күдікпен азық-түлік дүкенінің иесін анықтады. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген әйел заңсыз ақша айналымына көмектескені, яғни «дропперлік» жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2026
Еліміздің төрт өңірінде оқушылар қашықтан оқиды
26 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының оқушылары онлайн оқу форматына көшірілді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 25 Қаңтар, 2026
Луиш Нани тек доп теппейді: Футболшының жалақысы мен жаңа міндеті белгілі болды
Португалия құрамасы мен «Манчестер Юнайтедтің» аңызға айналған ойыншысы Луиш Нани ресми түрде «Ақтөбе» футбол клубының сапына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу мен сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Қаңтар, 2026
Астанада қандай жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады?
25 қаңтардан бастап елордада жаңа экспресс-маршруттар жолға шығады. Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтып, уақытты үнемдеуге және қала ішінде қатынауды жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2026
Өткен жылы Қостанайда 1200 адам алаяқтарға алданған
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қолға алынған жоба құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Жобаның таныстырылымында өңірде тіркелген әрбір екі қылмыстың біреуі Қостанай қаласында жасалатыны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Алматыдағы №1 перзентхана ақыры сүріліп тынды
Алматы билігі тарихи перзентхананың неге сүрілгеніне түсініктеме берді. Жұрттың алуан түрлі пікір қайшылығын тудырған Алматыдағы №1 қалалық перзентхана ақыры сүріліп, орнында жаңа ғимараттың құрылысы басталды. 1938 жылы салынған ескі ғимарат енді келмеске кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қаңтар, 2026
Астанада ұлттық мәдени кодты сақтау мәселелері талқыланды
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен цифрландыру мен креативті индустрияның дамуы жағдайында ұлттық мәдени кодты сақтау мәселелеріне арналған «Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» атты республикалық семинар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 23 Қаңтар, 2026
Startup Garage: Astana Hub стартаптарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдап жатыр
Astana Hub Startup Garage бағдарламасының бесінші легіне өтінім қабылдау басталғанын жариялады. Бағдарлама идеядан алғашқы сатылымдарға дейінгі жолды өтуге дайын стартаптарға арналған. Үш ай ішінде қатысушылар гипотезаларын тестілеуден өткізіп, мақсатты аудиторияны анықтап, тұрақты бизнес-модель қалыптастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Қаңтар, 2026
Президенттің көмекшісі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы болып сайланды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде Қанат Шарлапаев палатаның төрағасы болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Қостанайда су құбыры жарылды: Тұрғындар қақаған суықта сусыз отыр
Сақылдаған сары аяз тозығы жеткен су құбырларын шыдатар емес. Осыдан он күн бұрынғы қақаған суықта Баймағаметов көшесіндегі құбыр желісі жарылып, тұрғындар бір жарым тәулік бойы сусыз қалып еді. Кешегі үскірік аязда тағы бір құбыр жарылып, 6 көппәтерлі үй, 11 жеке тұрғын үй, 4 комерциялық нысан сусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Қаңтар, 2026
Қостанай қаласындағы балалардың неше пайызы аралас мектептерде білім алып жатыр?
Қостанай қаласында жалпы білім беретін 40 шақты мектеп бар. Оның 10-ы мемлекеттік тілде, 22-сі орыс тілінде, 8-і аралас тілде білім береді. Қала мектептерінде оқитын 20 мыңға жуық қарагөз жас өскіннің 36 пайызы ғана өз ана тілінде білім алады. Яғни, қазақ балаларының 64 пайызы өзге тілде оқып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Түркістан облысында К-21 каналы 40 жыл тазаланбаған
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ең ірі каналдардың бірі саналатын К-21 каналы үш ауылдық округтегі 20 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді. Бүгінде арнайы техниканың көмегімен каналдың барлық 22,8 шақырымы толық тазартылған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, мұндай ауқымды жұмыс соңғы 40 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет жүргізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда ірі жол апаты болды: Әкім зардап шеккендердің жағдайымен танысты
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау – Бейнеу автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен науқастардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған
Қостанайда ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғындар медициналық көмекке жиі жүгініп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қаңтар, 2026
Астанада ғимарат шатыры өртенді: Зардап шеккендер жоқ
Елорданың Байқоңыр ауданындағы Сәкен Жүнісов көшесінде жеке тұрған ғимарат өртеніп, құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында мүлік аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 21 Қаңтар, 2026
Канадалық режиссер таспалаған қазақ әншісі туралы фильм архив қорына қабылданды
Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті
Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған онлайн байқауға 10 мыңға жуық оқырман қатысты. Облыс әкімінің қолдауымен көпшіліктің кітапқа құштарлығын ояту мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі байқау үміткерлердің жас ерекшелігіне қарай үш санат бойынша өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?
Бұқаралық шаңғы жарысы 24 қаңтар күні ұйымдастырылады. Жарыс сағат 10:00-де Орталық саябақтағы шаңғыроллер жолында басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Қаңтар, 2026
Астанада 500 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды
Елордалық полицейлер бес күнге созылған рейд барысында 530-дан астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Жүргізуші ұйықтап кеткен: Астанада ақы төлеу аймағында жүк көлігі қоршауға соғылды
Бүгін таңғы сағат 09:00 шамасында «Астана – Щучинск» автожолы бойындағы «Астана» ақы алу аймағында Volvo маркалы жүк көлігі қоршауға соғылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуі себеп болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Астаналық жастар отандық иіссу өнімдерін дайындайды
Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясы мен Сервис және туризм колледжі өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Бұл келісім білім алушылардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған тың жобаның бастамасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Қаңтар, 2026
Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?
Астанада 24 қаңтар күні бұқаралық шаңғы жарысы ұйымдастырылады. Қала әкімдігі жарыс сағат 10:00-де Орталық саябақтағы шаңғыроллер жолында басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 20 Қаңтар, 2026
Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити парламенттің төменгі палатасын таратып, кезектен тыс сайлауды 8 ақпанға белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?
Алыста отырып-ақ аңғал жанның қалтасын қағуға әбден машықтанып алған алаяқтардың қулығына құрық бойламай тұр. Полиция мәліметінше, Қостанай қаласының тұрғындары 2 млрд 270 млн теңгесін өз еркімен алаяқтарға берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Баға • 19 Қаңтар, 2026
Бір айда 53 мың мәміле жасалды: Тұрғын үй бағасы қай қалаларда қатты көтерілді?
«Керей, қайда барасың?» деп жырлаған Бұқар бабамыз тіріліп келсе, қымбатшылықтың қысымын көріп,«Баға, қайда барасың?» деп толғайтындай көрінеді. Кім білсін? Күннен-күнге кернеуі күшейген қымбатшылық халықтың қалтасына ауыр соғып отыр. Әсіресе, үй алу мәселесі күн тәртібінің басында тұр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 19 Қаңтар, 2026
Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды
1979 жылы туған ем алушыда мидың өлімі анықталғаннан кейін Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында ағза алмастыру отасы жасалды. Марқұмның туыстарының шешімінен кейін оның жүрегі мен екі бүйрегі, бауыры республикалық күту парағында тұрған балаға салынды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Таразда жанжал жиі тіркелетін мейрамханалар анықталды
Жамбыл облыстық полиция департаменті Таразда жиі жанжал тіркелетін кафе-барлар мен мейрамханалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Субсидия беріледі: Қостанайда тұқым шаруашылығын дамытуға қанша қаржы бөлінді?
Қостанай облысында түрлі дақыл тұқымын шығаратын 55 шаруашылық жұмыс істейді. Оның төртеуі жаңа тұқым, 19-ы элиталық тұқым шығарады. Сондай-ақ бірінші репродукциялық тұқым өсіретін 32 шаруашылық, 24 тұқым өткізуші бар. Аталған шаруашылықтар диқандарды жыл сайын сапалы тұқыммен қамтамасыз етіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Үйсіз-күйсіз қалды: Павлодарлық зейнеткер алаяқтардың арбауымен баспанасын сатып жіберген
67 жастағы әжей алаяқтардың арбауымен үйін сатып, депозиттегі ақшасын шешіп, тіпті өз атына несие ресімдеген. Барлық қаражатты түгін қалдырмай көрсетілген шотқа аударып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.