Оқиға • Бүгін, 14:18

Елорда әуежайында дабыл жүйесі іске қосылуы мүмкін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 2 наурыз күні Астана халықаралық әуежайында қауіпсіздік жүйелеріне жоспарлы техникалық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы әуе айлағының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Елорда әуежайында дабыл жүйесі іске қосылуы мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, күні бойы ғимарат ішінде дабыл белгілері қысқа мерзімді уақытқа іске қосылуы мүмкін. Алайда, бұл жағдайлар төтенше оқиғалармен байланысты емес және жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне ешқандай қатер төндірмейді.
«Тексеру басталар алдында жолаушылар мен қызметкерлерге дыбыстық хабарландыру арқылы алдын ала ақпарат беріледі. Барлық жұмыстар жоспарға сәйкес, штаттық режимде және жауапты қызметтердің бақылауымен жүзеге асырылады», делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар