Білім • Бүгін, 09:56

Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада бүгін қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды

Фото: istockphoto.com

Қаладағы білім басқармасының мәліметінше, 12 наурыз күні желдің күшеюіне байланысты 0-11 (12) сынып оқушылары және 9-сынып базасында оқитын колледждердің 1-2 курс студенттері бірінші ауысымда дистанциялық форматқа көшті.

Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, қар жауады

«Қазгидромет» болжамы бойынша, бұл күні қалада ауа райы құбылмалы, қар жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, ал кей уақытта 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы -15…-17°C, ал күндіз -3…-5°C шамасында болады.

 Астанадан шығатын барлық бағыт бойынша жол жабылды

Соңғы жаңалықтар