Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
Алматы-Бішкек тас жолында ірі апат болып, жеті адам қаза тапты
Алматы-Бішкек тас жолының 129-шақырымында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, салдарынан жеті адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова екі айға қамауға алынды
Тергеу соты ORDA басылымының бас редакторы Гүлнар Бажкенованы үй қамаққа алуға санкция берді. Бұл туралы әлеуметтік желіде редакция адвокаты Мұрат Адам хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкентте рұқсатсыз салынған бір тойхана жабылды
Шымкентте құзырлы органдар «Shinar» тойханасын жауып тастады. Оған себеп тойхана иесі құрылыс талаптарын өрескел бұзған. Заң ережесінің сақталмағандығын қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізу барысында анықтаған. Аталған салтанат сарайы Шымкентке қарасты Сайрам тұрғын алабы, М.Жалил көшесі бойында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Желтоқсан, 2025
Толық циклді жоба: Түркістанда ірі мақта өсіру кешені құрылады
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру және терең өңдеу бойынша инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 02 Желтоқсан, 2025
Бірлескен жобалар ел ырысын еселейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бүгінде дүние жүзінде инвестицияға тартыс күшейіп бара жатқанын айта келе, жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін атап көрсетті. Бұл орайда өңдеу саласына көбірек қаражат тарту міндеттелді. Сондай-ақ Президент инвестиция тартуға жергілікті билік те мүдделі болып, жұмыла жұмыс істеуді, әкімдердің өңірдегі инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін белгілеуді жүктеді.
Жастар • 02 Желтоқсан, 2025
Жан Адамбаев: Менің табысты жолым легодан басталды
«Апа, қараңызшы, бұл нұсқаулықта жоқ, өзім ойлап шығардым». Жан Ерболатұлы кішкентай кезінде осылай деп, қолындағы легодан құрастырған беймәлім құрылғысын көтеріп жүгіріп келетін. Сол сәтте оның жанарынан бір нәрсе анық көрінетін, ол - дайын дүниені қайталауға емес, жаңа нәрсе жасауға деген ішкі құштарлық.
Экономика • 02 Желтоқсан, 2025
Инвестиция мен инновация: Жамбыл облысы дамуының көрсеткіші жоғары
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Өңір басшысының айтуынша, Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны республика бойынша – 3-орында, ал өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіші – 5-орында.
Технология • 02 Желтоқсан, 2025
Қатердің алдын алатын заманауи құрылғы
Қарағанды – көмір, кен өндірісінің алтын аймағы. Бүгінде осы өндірістік өлке жаңа технологиялық серпілістің де ордасына айналып келеді. Өңір инженерлері тау-кен қауіпсіздігін күшейтуді көздейтін тың жобаны қолға алып, жерасты кеңістігін барлауға арналған жоғары функционалды дрондар топтамасын әзірлеп жатыр. Бұл – шахтаның терең түкпірінде, аса қауіпті қуыста жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заманауи құрылғы.
Экономика • 02 Желтоқсан, 2025
Жол – экономиканың ғана емес, мәдениеттің де көрінісі
Маңғыстауда жолға қатысты шаруалар ретімен жүзеге асырылып келеді. Биыл жазда басталған теміржол вокзалдарын кешенді реконструкциялау жұмысы өз деңгейінде жүріп жатыр.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Самокат жыры: Тыйым түйткілді шеше ме?
Қазір әлемде халық саны артып, қалалар үлкейіп, көлік ағыны ұлғайған сайын көшеде жүруге ыңғайлы, кептелісте тұрмайтын, еркін қозғалуға мүмкіндік беретін электрлі самокаттар үлкен сұранысқа ие. Бұл үрдіс кейінгі кезде елімізде де айқын байқалып жатыр. Көшеде самокат мінгендер қатары қалыңдап келеді. Дегенмен кейінгі кезде депутаттар тарапынан тротуарда самокат айдауға толық тыйым салу туралы бастаманың көтерілуі қоғамның пікірін екіге жарды.
Экономика • 02 Желтоқсан, 2025
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында несие беруді жүйелі жүзеге асырып келеді. Несие мөлшерлемесі – 1%. Бастапқы жарна – 0%. Биыл бағдарлама алғашқы болып өтінім берген 200 отандасымызға жаңа баспана сыйлады.
Сараптама • 02 Желтоқсан, 2025
Павлодар облысының кей аумақтарында топырақ құнары төмендеп, қарашірік деңгейінің азаюы, макро және микроэлементтердің жеткіліксіздігі, сондай-ақ эрозия мен тұздану үдерістері байқалады. Экологиялық-агрономиялық түйткілдер уақтылы шешілмесе, өңірдің ауыл шаруашылығы саласында үлкен мәселе туындауы ғажап емес.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Еліміздің қиыр батысындағы Жәнібек ауданында Тау деген шағын ауыл бар. Байтақ даласымен әйгілі Батыс Қазақстанда тау жоқ екені белгілі, шамасы ауыл азаматтарының түр-тұлғасына, іс-әрекетіне қарай осылай аталса керек.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Қала іргесіндегі Садовый ауылында жеке кәсіпкер Бақытжан Мәметхан малдың қиынан биогаз, электр қуатын, тыңайтқыш өндіреді деген хабарды естіген соң жеткенше асықтық. Шын мәнінде солай екен.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Отбасы цифрлық картасының мүмкіндігі мол
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде жыл басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету қарқынды жүргізілді. 11 айда 463,3 мың адамға SMS-хабарлама жолданса, оның ішінде 246,3 мыңнан астам адам жәрдемақы немесе әлеуметтік төлем түрін өтініш бермей-ақ алды.
Сұхбат • 02 Желтоқсан, 2025
Джелал Чекен: Қазақстанда ғылымға ұмтылыс ерекше
Еліміздегі көптеген жоғары оқу орындары шетелдік таңдаулы университеттермен бірлесіп, ауқымды оқу жобаларын жүзеге асырып келеді. Солардың бірі – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті. Аталған білім ордасы АҚШ-тың Аризона университетімен ынтымақтастық орнатып, қос дипломдық жобаны бірлесе жүргізуге келісім жасаған. Бізді қызықтырғаны – шетелдік университеттердегі білікті мамандардың елімізге келіп, дәріс оқуы. Олар нені байқады, қандай жобалармен жұмыс істеп жүр деген сауалдар туатыны рас. Сол себепті біз М.Қозыбаев университетінің халықаралық профессоры Джелал Чекенді әңгімеге тарттық.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік газ жұрт игілігіне жұмсалуы керек
Қызылордада өңір тұрғындарын сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Жауапты сала басшылары қатысқан жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кәсіпкерлер төмендетілген бағамен алып отырған әлеуметтік газ тек халыққа сатылуы керектігін тапсырды.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Баланы жылатқанның бағы жана ма?
Бауыр еті баласының көз жасынан қорықпайтындар әлі де бар. Тіпті жетімді жылатып, мемлекет тарапынан берілуге тиіс қолдауды қиғысы келмейтіндердің кездесетіні алаңдатады.
Ғылым • 02 Желтоқсан, 2025
Әлемдік ғылыми жаңалықтың авторы
Осы күні ғылым, әсіресе ірі зерттеу жеке емес, бірнеше идеялас адамның бірігуімен жасалатын болды. Сондай ірі де іргелі істің нәтижесі жақында атақты «Science» журналында басылды. Сол халықаралық деңгейдегі ғылыми жаңалықтың авторлары арасында отандық ғалымдар да бой көрсетті.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Облыс орталығында жол ережесін бұзып, камераның қырағы көзіне түсіп қалғандарға айыппұл келе бастауы мүмкін. Шаһар бойынша 14 қарашадан бастап 100 аппараттық-бағдарламалық кешен іске кірісті.
Білім • 02 Желтоқсан, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қатерлі дертке қарсы зерттеулер жүргізетін Қазақстан-Америка цитоматрица орталығы ашылды.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Көлік апатын азайтатын дрондар
Абай облысында дрондар өрісте бағусыз жайылған малдың жол-көлік оқиғаларына себеп болу фактісін азайтуға көмектесіп жатыр.
Медицина • 02 Желтоқсан, 2025
Қала тұрғындары жан-жақты қамқорлықты сезініп отыр
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы өңір тұрғындарына жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсететін жетекші емдеу мекемелерінің біріне айналды. Ауруханаға 80 мыңға жуық тұрғын тіркелген, оның 11 мыңы биыл қосылған. Демек қала халқында жыл сайын өсім бары аңғарылады. Осыған орай аурухана директоры Айман РАҚЫШЕВАМЕН медициналық ұйымда атқарылған жұмыс туралы әңгіме өрбіттік.
Қылмыс • 02 Желтоқсан, 2025
Адамның аты-жөнін атап тұрып: «Сіздің атыңызға поштамен сәлемдеме келіп түсті. Тезірек алмасаңыз, әрбір сақталған күнге ақы төлейсіз», деп қуанта әрі үркіте сөйлеп, психикасын әлемтапырақ қылған алаяқтар одан әрі ес жиғызбай: «Сізге жіберілген төрт санды sms кодты да бізге айта салыңыз», деп дігірлейді. «Сәлемдеме» дегенге қуанып қалған адам sms-ті айта салуды қиынсынбайды. Міне, осы сәтте ол алаяқтың арбауына түсті деген сөз.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Ми батпақтан мектепке жете алмай жүр
Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылының оқушыларына әудем жердегі мектепке жету нағыз машақат. Жаңбыр жауса, жер езіліп ми батпаққа айналады. Алайда жергілікті билік ауылдың мұңын көп жылдан бері елемей отыр.
Руханият • 02 Желтоқсан, 2025
Біздің аға буын қаламгерлердің дені талантын тек көркем туындыға бағыштай алмады. Өйткені олардың мойнында сан ғасыр бодан болып, езгі көрген ұлтының тарихи және мәдени құндылықтарын түгендеу міндеті тұрды. Осылай жазушыларымыз әдебиет пен тарихты бір арнаға тоғыстырып, қос майданда қатар күресті.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында кикбоксингтен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жерлестеріміз аптаға ұласқан жаһандық жарыстан олжалы оралды. Дүбірлі додаға 49 спортшымыз қатысып, 3 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль еншіледі.
Денсаулық • 02 Желтоқсан, 2025
Медициналық қызмет сапасы арта түсті
Өткен аптада Алматы облысына іссапармен келген Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңір жұртшылығымен жүздесіп, саладағы оң өзгеріс, тың жаңалықтармен бөлісті.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
Бұйырғаны – күміс пен қос қола
Мысыр астанасы Каирде каратэден әлем чемпионаты өтті. Өкінішке қарай жарыс барысында Әнұранымыз шырқалмады. Ерлер мен әйелдер құрамасының өкілдері алтын медальсыз қайтты.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Саты ауылдық округіне қарасты Күрметі ауылында 230-дан астам тұрғын бар. Олардың арасында егде жастағы адамдар көптеп саналады.