Саясат • Бүгін, 08:58

Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтті. Онда қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды.

Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды

Сурет: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, былтыр қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеген. Сонымен қатар жыл басынан бері ел аумағында қызылшаның 1,9 мың жағдайы тіркелген. Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіштері Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарында байқалады. Аталған жағдайлардың басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Ауруға шалдыққандардың көпшілігі – вакцина алмаған балалар. Оның ішінде екпеден бас тарту себепті егілмегендер де бар.

Кеңес барысында қызылша ауруы көп тіркелген өңірлердің әкім орынбасарлары жағдай туралы есеп берді.

Премьер-министрдің орынбасары өңірлік штабтар деңгейінде қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуалды күн сайын талдап отырудың маңыздылығын атап өтіп, жергілікті жерлердегі басшылардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ профилактикалық екпемен қам­ту мәселесі жеке қаралды. Бірқатар өңір­де жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізіл­ме­гені айтылды. Әсіресе Маңғыстау облысында негізгі вакциналардың барлық түрі төмен деңгейде қалып отыр. Мұндай алшақтықтар инфекциялық аурулардың таралу қаупін күшейтетіндіктен, бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде нысаналы әрі жүйелі жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысында Аида Балаева қызыл­шаға қатысты эпидемиологиялық ахуал­ды ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ халық арасында иммундаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмысты, ең алдымен, Маңғыстау облысында күшейту қажет екені айтылды.

Соңғы жаңалықтар

Жетісудың бал қымызы

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Дрон жасаған инженерлер

Технология • Бүгін, 08:45