Ел
Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Жетісудың 134 мыңнан астам тұрғыны газбен қамтылады
Аталған облыс аумағындағы «Талдықорған-Үшарал» жаңа магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің газ инфрақұрылымын дамыту аясында «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келешек мектептері • 23 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында он бірінші «Келешек мектебі» ашылды
Республика күні мерекесі қарсаңында Мұнайлы ауданының Айрақты елді мекенінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №21 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл – Маңғыстау облысында аталған бағдарлама бойынша пайдалануға берілген он бірінші мектеп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қазан, 2025
Елена Рыбакина Токиодағы WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты
Еліміздің бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингтің жетінші нөмірі Елена Рыбакина Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 жарысында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қазан, 2025
Елордада «Елім дегендер» байқауы өтті
Астанадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Республика күні қарсаңында өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 22 Қазан, 2025
Елімізде 25 қазан – Республика күні мерекесі тойланады. Бұл дата – тәуелсіздіктің бастауы саналатын Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданған күн. Биыл осы маңызды тарихи құжаттың қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Егемендікпен қатар есейген буын бүгінде еліміздің түрлі саласында еңбек етіп, қоғамның дамуына өз үлесін қосуда. Солардың қатарында Қонаев қаласының тұрғындары да бар.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» конвенцияны қолдайды
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы – елдегі ең ірі еңбекшілер бірлестігі ретінде еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін белсенді түрде қорғап келеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Халықаралық еңбек ұйымының №131 «Дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» конвенциясын ратификациялауын құптайды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 21 Қазан, 2025
Алматыда Жедел жәрдем автопаркі жаңартылды
Республика күні қарсаңында Алматының Жедел медициналық жәрдем қызметі жаңарып, 50 арнайы көліктің кілтін қала әкімі Дархан Сатыбалдының өзі табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қазан, 2025
Астанада тректегі велоспорттан рейтингтік турнир өтеді
Елордада тректегі велоспорттан Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) ресми күнтізбесіне енген Astana Open Series I & II (CL2) халықаралық турнир ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысын өткізді
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қазан, 2025
Екі ел басшыларына Орта дәлізді дамыту жобасы таныстырылды
Мемлекеттер басшыларына қазақ-әзербайжан мамандарының Орта дәлізді дамыту бойынша атқарып жатқан жүйелі жұмыстары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қазан, 2025
Жапонияда алғаш рет әйел премьер-министр болып сайланды
Жапонияның негізгі төменгі палатасының депутаттары Либерал-демократиялық партияның (ЛДП) төрайымы Санаэ Такаитиді елдің 104-премьер-министрі етіп сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Жансарай • 20 Қазан, 2025
Жас буынға Алаш мұрасы түсіндірілді
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері елордадағы 73 мектептің 8-10 сынып оқушыларымен кездесті. Іс-шара – тарих пәнінің мұғалімі Гаури Жомартованың «Алаш заңгерлері: тәуелсіздік пен сабақтастық тақырыбын зерттеуде инновациялық әдістерді қолдану» атты авторлық бағдарламасы аясында маңызды кездесуге айналды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Ақтау қаласындағы жылу желілерінің 79 пайызының тозығы жеткен
Қазіргі таңда Ақтау қаласындағы жылу желілерінің 79 пайызының тозығы жетіп, толыққанды жөндеуді қажет етеді. Инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейінің жоғары болуы салдарынан жыл сайын қалада шамамен 1500-ге жуық апаттық жағдай тіркеліп отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сумен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге елеулі кері әсерін тигізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қазан, 2025
Жас кәсіпкер тың бастамасына мемлекеттен қолдау күтеді
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының тұрғыны, үнемі тың идеяға жақын жүретін Аяжан Қуатбекқызы балабақша бүлдіршіндеріне түрлі ойыншық жасауды қолға алған. Балаларға ғана емес, шағын цехтан күнделікті тұрмысқа қажет былғары бұйымдар да шығарып жатыр. Айта кетерлігі, әр жасаған дүниесінен қазақы иіс аңқып тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 20 Қазан, 2025
Giro d’Almaty-2025 веложарысы өтті
Алматы қаласы жаттықтырушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен велоспорт әуесқойлары мен ардагерлерінің дәстүрлі Giro d’Almaty-2025 шосселік жарысы өтіп, оған Астана, Көкшетау, т.б. қалалардан келген спортшылар да қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 20 Қазан, 2025
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 7-орынға көтерілді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 20 Қазан, 2025
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Біздің елімізде 18 қазан – Рухани келісім күні деп аталады. Осы күннің қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың қатысуымен өңірдегі 11 конфессия өкілдері қатысатын діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мерекелік отырысы болып өтті деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 17 Қазан, 2025
Алматыда ЖИ мен үлкен деректерге арналған Қазақстан-Корей орталығы ашылады
Сеул қаласында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Корея ғылыми-техникалық ақпарат институты (KISTI) ғылым, технология және жасанды интеллект саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 16 Қазан, 2025
Атырау облысында 13-17 қазан аралығында республикалық деңгейде «Заңсыз келуші–2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Оқушылар 400-ге жуық бөтелке қақпағынан Қазақстан картасын жасады
Астана қаласының №55 орта мектебі экологиялық мәдениетті дәріптеудің тың тәсілін ұсынды. Мектеп ұжымы мен оқушылар «Экоәлем» бағыты аясында пластик қақпақтарды жинап, оларды қайта өңдеу арқылы Қазақстан Республикасының картасын құрастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 16 Қазан, 2025
Әйел – Қазақстанның жаңа «мұнайы»: Астанада Re.Women «Әйел – әлемнің жарығы» форумы өтті
Елордада Re.Women Astana әйелдер қауымдастығының «Әйел – әлемнің жарығы» атты форумы өтті. Шараға шамамен 400-ге жуық лидер әйелдер, депутаттар, кәсіпкерлер, IT саласының, білім, мәдениет және медиа өкілдері қатысты. Форум қоғамда, бизнесте және мемлекеттік қызметте әйелдің рөлі туралы ашық диалог алаңына айналды.
Білім • 14 Қазан, 2025
6 800 педагог біліктілігін арттырып жатыр
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған кешенді бағдарлама іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қазан, 2025
Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі
Қазақстанда 16 қазан күні таңғы 03:00-ден кешкі 17:00-ге дейін телерадио хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қазан, 2025
Ұлытау облысында велошеру өтті
Ұлытау облысында «Қазақмыс» күніне арналған велошеру ұйымдастырылды. Спорттық шараға өңір тұрғындары, компанияның қызметкерлері мен велоспорт әуесқойлардан құралған 60-қа жуық адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қазан, 2025
Астанада алғаш рет үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі Президент кубогі өтеді
Биыл осы айдың 25-29 күндері аралығында үстел теннисінен жылдың ең ауқымды әрі беделді спорттық оқиғасы – ҚР Президентінің алғашқы ашық кубогі (President’s Open Cup) өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Қазан, 2025
Экономика саласындағы Нобель сыйлығы иегерлері анықталды
2025 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығы қоғамның бай болуы мен өркендеуіндегі инновация мен технологиялық прогрестің рөлін терең түсіндірген ғалымдарға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Президент • 13 Қазан, 2025
Қазақстанның бірқатар елдердегі Елшілері тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қазан, 2025
Қазақстанның Словениядағы Елшісі лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызмет жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 12 Қазан, 2025
Қазақстан – ЕО серіктестігі: Брюссельде «жасыл» энергетика саласындағы келісімге қол қойылды
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Брюссельде өткен «Global Gateway» форумына қатысып, Еуропалық Одақ өкілдерімен бірқатар стратегиялық кездесулер өткізді. Бұл сапар Қазақстанның Орталық Азиядағы ЕО үшін сенімді әрі негізгі серіктес ретіндегі мәртебесін нығайта түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.