«Таза Қазақстан» • 15 Қаңтар, 2026

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясының ең жас қатысушысы марапатталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық сенбілігінің ең жас белсенді қатысушысы марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы бойынша Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясының ең жас қатысушысы марапатталды

Маңғыстау облысы экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен 45 күндік «Таза Маңғыстау» челленджінің ең жас қатысушысы – Құрық ауылының тұрғыны, 6 жастағы Мейір Арманұлы. Ол қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларға тұрақты түрде қатысып, тазалық мәдениетін насихаттауға өз үлесін қосып келеді. Жас белсендінің экологиялық жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымы көпшілікке үлгі ретінде бағаланды.

Таза Қазақстан: Алматыда жалпықалалық экологиялық челлендж басталды

Осы еңбегі үшін Мейір Арманұлы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтің, сондай-ақ Маңғыстау облысы экология департаменті басшысы Армат Жүсіпқалиевтің алғыс хаттарымен марапатталды.

«Таза Қазақстан»: онлайн-платформаға астаналықтардан 3 600-ден астам өтінім түсті

Жас экобелсендінің бұл жетістігі өскелең ұрпақтың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастырудың маңызын айқындап, басқа да балаларды игі іске ынталандырады.

Маңғыстау облысы

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын ерекше назарда ұстайды

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20