Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026

Жезқазғанда Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге бөлінді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі аймақтық кеңестің бірлескен көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазғанда Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге бөлінді

Көшпелі отырыс барысында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Ұлытау облысының Жол картасы аясында «Жезқазған қалалық Халықтар достығы мен Мәдениет үйі» ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жүргізілді.

Іс-шараға Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ержан Тоқымбаев, «Miras» кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Досхан Сәкен және кеңес мүшелері қатысып, нысанда атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, мердігер компания өкілдерінің есебін тыңдады.

Сондай-ақ Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Әбен мәдениет нысанында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Ұлытау облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «Еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып танылып, жалпы құны 1 030 миллион теңгені құрайтын өтпелі келісімшарт жасалды.

Өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді.

2026 жылға жергілікті бюджеттен 730 миллион теңге қаражат қарастырылған.

Бүгінгі күнге дейін «Халықтар достығы мен Мәдениеті үйі» ғимаратында күрделі жөндеу жұмысы аясында бірқатар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, демонтаж және сылақ жұмыстары жүргізіліп, едендерге бетон құйылды. Сонымен қатар электр жүйелері жаңартылып, ғимараттың терезелері мен жылу радиаторлары ауыстырылды. Су желілері, жылу және кәріз жүйелері тартылып, желдету жүйесі орнатылды.

Ғимараттың күрделі жөндеу жұмысы жаз айына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында семинар өтті

Соңғы жаңалықтар