Оқиға • 16 Қаңтар, 2026

Нобель сыйлығының иегері Трампқа өзінің сыйлығын табыс етті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венесуэла оппозициясының символына айналған Мария Корина Мачадо Ақ үйде Дональд Трамппен кездесіп, әлемдік деңгейдегі мәртебелі марапатын АҚШ президентіне табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нобель сыйлығының иегері Трампқа өзінің сыйлығын табыс етті

Фото: Ашық дереккөз

Ақ үйде өткен жабық кездесу мен салтанатты түскі ас кезінде венесуэлалық саясаткер Мария Корина Мачадо өзінің Нобель бейбітшілік сыйлығын Дональд Трампқа берді. Бұл ерекше қадам туралы Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Бүгін Венесуэланың батыл қызы Мария Корина Мачадомен жүздесу мен үшін зор мәртебе болды. Ол – тағдырдың талай тауқыметін жеңген қайсар тұлға. Мария менің атқарған еңбегімді жоғары бағалап, өзінің Нобель сыйлығын маған тарту етті. Бұл – шынайы құрмет пен достықтың белгісі. Рақмет саған, Мария!», деп жазды АҚШ президенті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мачадо бұл беделді марапатты Трамппен бөлісуге ниетті екенін ашық айтқан еді. Дегенмен Нобель комитеті қатаң ережелерге сүйеніп, сыйлықтың басқа адамға берілуі немесе бөлінуі мүмкін емес екенін ресми түрде ескерткен болатын. Комитет шешіміне қарамастан, Мачадо өз сыйлығын Трампқа жеке тарту ретінде табыстауды жөн көрген. 

Нобель комитеті: Бейбітшілік сыйлығын Трампқа беру мүмкін емес

Мария Корина Мачадо Венесуэлада демократия орнату жолындағы жанқиярлық күресі үшін Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты атанған. 2025 жылдың желтоқсанында Ослода өткен салтанатты рәсімде марапатты оның қызы Ана Корина Соса қабылдап алған еді. 

Трамп Иранмен кәсіп жүргізетін барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізді

 
Соңғы жаңалықтар