Соңғы жаңалықтар
Руханият • 26 Желтоқсан, 2025
«Нағашыбайдың той жасағысы келді...»Тынымбай Нұрмағамбетовтің ғаламат бір шығармасы осылай басталады. Жазушы туындыларымен таныс оқырман осы сөйлемнің өзіне-ақ тәп-тәуір кеңкілдеп күліп алар еді. Қараптан-қарап той жасағысы келген Нағашыбайдың бұдан кейінгі әрекеттерінің күлкі шақырарын Тынымбаймен сырлас оқырман оңай аңғарар еді. Бірақ біреуді күлдіре қояйын деп жүрген Нағашыбай бар ма? Әрине, жоқ. Сөйте тұра, қадам басқан сайын еріксіз езу тартқыза беретін кейіпкер қылығы бізді күлдіріп қана қоя ма? Тағы да келісе алмаймыз.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Жасөспірімдер жүктілігі жанға батады
Жасөспірімдер жүктілігі – қоғамда көптен бері айтылып келе жатқан, бірақ шешімін таппай тұрған күрделі мәселе. Қанша жерден ескерту жасалып, түсіндіру жұмысы жүргізілгенімен, бұл түйткілдің тамырына балта шабылар түрі көрінбейді. Жасөспірімдердің ерте жүктілігі туралы деректер жиілеп, әсіресе қазақы дәстүрге берік саналатын оңтүстік өңірлердің өзінде өкінішті жағдай азаймай тұр.
Білім • 26 Желтоқсан, 2025
«TALIS»: білім үдерісінің қарқыны қандай?
«TALIS» – мұғалімдердің тәжірибесін, шынайы жағдайын көрсететін ең ауқымды халықаралық зерттеудің бірі. Биыл оған 54 ел қатысты. Қатарында Қазақстан да бар. Жақында зерттеудің нәтижесі жарияланды. Көптеген елде жұмыс жағдайына қанағаттану деңгейі төмендегенімен, еліміз керісінше көш басына шыққан екен. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы директоры Андреас Шляйхер, сала мамандары зерттеу нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Платформа арқылы оқыған тиімді
Жыл басынан бері 553,7 мың азамат, оның ішінде 53,5 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн курстардан өтіп, оқығанын растайтын сертификат алды. Платформада ұзын саны 1 миллионнан астам отандасымыз тіркелген. Оның ішінде биыл тіркелгендер – 710,3 мың адам.
Руханият • 26 Желтоқсан, 2025
«Қазақ халқының ардақты ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 1945 жылы 100 жыл толуын бүкіл қазақ халқы зор қуанышпен тойлауға әзірленіп жатыр. Сүйген тойына шама-шарқынша шашу апару – әрбір қазақтың ата кәдесі. Менің шамам келген шашу – оқушылардың алдына ұсынғалы отырған осы кітап. «Орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды».
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында еліміздегі адам капиталын дамыту мақсатында әділ әлеуметтік саясат жүргізудің маңызды тұстары нақты атап өтілді. Ақмола өңірінде Президент тапсырмасын жүзеге асыру барысында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.
Абай • 26 Желтоқсан, 2025
Абай Құнанбайұлының ғасырлық тойы қарсаңында «Социалистік Қазақстан» газетінің (қазіргі «Egemen Qazaqstan») 1945 жылы 15 тамыздағы № 168 санына хакімнің фотосы және жаңадан табылған үш өлеңі жарияланыпты. Бұл фото басылым бетінде тұңғыш жарық көрген суреті екен.
Сұхбат • 26 Желтоқсан, 2025
Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді
– Қабылаш аға, биыл сексеннің сеңгіріне шығыпсыз. Әлем сахналарында өнер көрсеткен қазақтың қаршадай ұлының балалық дәурені қалай өтті?
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетігі күшейтіліп жатыр. Балалардың мүддесін қорғауға бағытталған түбегейлі өзгерістің қатарында Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заңның қабылдануын атап өтуге болады. Аталған заң 2026 жылдың 4 ақпанында күшіне енеді.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Дзюдошылардың әлемдік рейтингі жаңартылды. Бір қуаныштысы, Әбиба Әбужақынова биылғы жылдың қорытындысы бойынша 48 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген балуандар арасынан ең үздік деп танылды.
Заң мен Тәртіп • 26 Желтоқсан, 2025
Былтыр Павлодарда жетім қыздарды жәбірлеудің 8 дерегі тіркелген. Осындай қылмыстардың барлығын прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізген.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Кәсіпқой бокста Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы бүгінге дейінгі мансабында қомақты қаржы табыс тапқан. Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған боксшының жалпы табысы шамамен 1,5 миллион АҚШ долларын құрайды.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Биыл 14 828 этностық қазақ тарихи отаны оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 162,9 мың қандасымыз оралды.
Ғалам ғажаптары • 26 Желтоқсан, 2025
«Google» «Gemini» платформасына негізделген «Disco» атты браузер құралын жариялады. Бұл технология ашық тұрған браузер беттерін интерактивті веб-қосымшаларға айналдыруға мүмкіндік береді.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
«Sofascore» порталы 2025 жылдың қорытындысы бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен еліміз футболшылары- ның есімдерін атады. Үздіктер тізімін тасқамал қорғаушы Нұралы Әліп бастап тұр. Ұлттық құрама мен Ресей премьер-лигасындағы Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының намысын қорғап жүрген қандасымыз әр ойын барысында орта есеппен 7,35 ұпай жинады.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Едіге ЕМБЕРДІ: Арманым – Олимпиада алтыны!
Едіге 2022 жылы жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында топ жарып, жаһан рекордын жаңартты. Жастар қатарында екі мәрте әлемнің үздігі атанды. Жақында Сауд Арабиясында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарынан да олжалы оралды. Ауыр атлетика жампозы қазір жарақатын емдетіп жүр. Оқу-жаттығу жиынынан босай бермейтін толағай күш иесімен ем-домының арасында сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Ғалам ғажаптары • 26 Желтоқсан, 2025
Қытай астанасы Бейжіңде гуманоидты роботтарды даярлауға арналған елдегі ең ірі орталық жұмысын бастады. Бұл кешен «роботтар мектебі» деп аталады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Ұлытау ауданының Жезді кентінде 160 орындық заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысып, өңір тұрғындарын спорт нысанының іске қосылуымен құттықтады.
Өшпес даңқ • 26 Желтоқсан, 2025
Қожатай Некібаев (шын есімі Сейітқожа) ақсақал осыдан үш жыл бұрын, 97 жасында өмірден өтті. Ол – солтүстікқазақстандық қазақтар арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыстың ең соңғы солдаты еді.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Қазақ хандығы туралы құнды еңбек
Тарих докторы, PhD, Токио шетел тілдері университетінің оқытушысы Дүйсенәлі Әбділәшімұлының «Елдік феномен: Қазақ хандығының Цин патшалығына жолдаған бірегей дипломатиялық құжаттары туралы тарихи-деректанулық зерттеу» атты кітабының тұсаукесері Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасы мен Алматыдағы Ғылым ордасында өтті. Аталған еңбек Токиода жарық көрген.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
«Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясы аясында белгілі қаламгер, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сайлаухан Нәкеновтің 85 жылдығына арналған «Ақын. Парасат. Ұлылық» атты жыр кеші өтті. Іс-шара барысында оқырмандар «Парасат биігіндегі ақын» деген тақырыптағы кітап көрмесімен танысты.
Саясат • 26 Желтоқсан, 2025
«Болашақ» бағдарламасына жаңа санаттар қосылды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Президент • 26 Желтоқсан, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Президент бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездесті.
Президент • 26 Желтоқсан, 2025
Жамбыл жұртының ел дамуына қосқан үлесі мол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына барған жұмыс сапары аясында өңір жұртшылығымен жүздесіп, сөз сөйледі. Таразға жұмыс сапарымен арнайы келгенін айтқан Президент, ең алдымен, әулиеаталықтарды көргеніне өте риза екенін жеткізді.
Ауа райы • 26 Желтоқсан, 2025
Шығыстағы екі облыста жол жабылды
ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда көлік бағасы қалай өзгереді?
Қазақстанның автокөлік одағы президенті Анар Мақашева алдағы жылы елдегі автокөлік бағасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 25 Желтоқсан, 2025
ЭЦҚ-ны қайта алу қиындай түсті: қосымша тексеру енгізілді
Ұлттық куәландырушы орталық pki.gov.kz сайтының жеке кабинетінде электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңін енгізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Екібастұзда жеке компания домофон тарифін негізсіз көтерген
Кеншілер қаласында биылғы мамыр айынан домофон қызметі үшін төлем 550 теңгеден 700 теңгеге өсіп кеткен. Монополияға қарсы ведомство тарифтің негізсіз көтерілгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Желтоқсан, 2025
Алматы қаласында болған тұрмыстық жанжалға байланысты тексеру нәтижесінде тараптардың бір-біріне жеңіл дене күшін қолданғаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 25 Желтоқсан, 2025
Расул Қоспанов: Президент өңірлік саясатқа басымдық береді
Қазақстан көршілес елдермен және барлық мүдделі мемлекеттермен достық қарым-қатынас пен жан-жақты ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Біздің мақсаттарымыз бен басымдықтарымыз өзгермейді. Бұл – елдің егемендігін нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге бағытталған міндеттерді жүзеге асыру. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында мәлімдеді. Президент өңір мен елдің дамуына қатысты, Қазақстан экономикасының сапалы өсіміне бағытталған бірқатар міндеттерді айқындады. Осы мәселелерді саяси сарапшы Расул Қоспановпен талқыладық.