Ауа райы • Бүгін, 00:40

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар тасжолда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қостанай облысындағы көлік жолдарындағы жағдай туралы мәлімдеді.

2026 жылғы 15 наурыз сағат 23:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі республикалық маңызы бар тасжол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 555-682 шақырымы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті);
  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 320-501 шақырымы (Бестөбе ауылы – Рудный қаласы);
  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218 шақырымы (Тобыл қаласы – Октябрьский кенті).

Жолдарды ашудың болжамды уақыты – 16 наурыз сағат 08:00.

16 наурызда елімізде ауа райы құбылмалы болады

Соңғы жаңалықтар