е
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Ерлан Қарин: Парламенттік реформаға қатысты 350-ден астам ұсыныс келіп түсті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің хабарлауынша, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына азаматтардан, сарапшылардан және саяси партиялардан 350-ден астам ұсыныс түсті. Жұмыс тобы алдағы бір палаталы Парламентті қалыптастыру мәселелерін талқылауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 03 Желтоқсан, 2025
Дәрігер нұсқаулығы: Балаларды ЖРВИ мен тұмаудан қалай емдеу керек?
Биыл Астанада жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау маусымы әдеттегіден ерте басталды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастар саны қараша айының ортасына қарай көбейген. Ал, ауру қаупін қалай азайтуға болады? Бұл сұраққа дәрігер Раушан Тектібаева жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Елімізде электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді
Жаңа заңда жол қауіпсіздігін жақсартуға және электр самокаттарын жалға беру операторларының қызметін реттеуге бағытталған өзгерістер ұсынылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2025
Шымкенттік спортшы Байқұт Төлепберген Испанияның бас шаһары Мадридте джиу-джитсу турнирі алаңында 1-орын иеленді. Ол барлық белдесуде қарсылас шақ келтірмеген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады. Мемлекет басшысына еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Алматыда фельдшер жол апатынан қаза тапты
Алматыда 3 желтоқсанда шамамен сағат 00:40-та жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 23 жастағы фельдшер қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 03 Желтоқсан, 2025
«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Беларусияда жыл футболшысы атанды
«Қайрат» клубының және Беларусь ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко жыл үздігі болды. Ол Беларусияда жыл футболшысы атанып, «Жұлдызды доп» марапатын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 03 Желтоқсан, 2025
МӘМС басшысы қызметінен неліктен кетті?
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының басшысы Айдын Құлсейітовтің қызметінен кетуіне және елдегі сақтандыру жүйесінің жай-күйіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Бір реттік «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясы басталды
Елімізде Аграрлық несие корпорациясынан қарыз алып, төлей алмай жүрген заңды және жеке тұлғалар үшін бір реттік акция басталды. Оған сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар борышкерлер қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2025
Қонаевта жабайы сауда орнына сквер салынды
Қонаевтағы Абай көшесінде бірнеше жылдар бойы стихиялық сауда орны қалыптасқан. Қаланың келбетін жақсарту, тұрғын үй алаңын абаттандыру мақсатында мұнда сквер және воркаут алаңы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Президент Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат» және ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Мектеп оқушысы Су министрімен меморандумға қол қойды
Алматыдағы №79 гимназияның оқушысы Дана Қадырбек атмосфералық ауадан су өндіретін инновациялық құрылғы әзірлеп, Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлескен жұмысты көздейтін меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Желтоқсан, 2025
Депутат: Білім беру жүйесін оқушылардың жас шамасына бейімдеу керек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Болат Кәрімбек Оқу-ағарту министріне білім беру жүйесін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай бейімдеуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, бастауыш және орта сыныптардың жүктемесі олардың жас және танымдық деңгейіне сай емес, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы авиация саласын цифрландыруға баса назар аударды
Бұл туралы Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде өткізген кеңес барысындағы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2025
Өскеменде «SMART Driving Technology» орталығы ашылды
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «SMART Driving Technology» инжиниринг орталығының ашылуы өтті. Орталықтың ашылуымен Қазақстан және Қытай арасындағы инженерлік білім беру халықаралық ынтымақтастығының негізгі жобасы Лу Бань шеберханасы дамудың жаңа деңгейіне көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Президент өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев авиахабтарды дамыту көлік-тасымал саласындағы басым бағыттардың бірі саналатынына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Депутат газет бағасы мен «Қазпошта» мәселесін көтерді
Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров газет-журналдарды ауылдарға жеткізу тарифтерінің бағасын тұрақтандыру және «Қазпошта» мен «Қазтелеком» қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Қант диабетіне шалдыққан және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем тең беріле ме?
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында көтерілген мәселелердің бірі – 2 топтағы қант диабетіне шалдыққандарға және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем беру туралы. Аталған мәселені депутат Нұргүл Тау көтеріп, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 03 Желтоқсан, 2025
Теңге күн санап күшейіп келеді: Себебі неде?
Соңғы күндері доллардың айтарлықтай арзандауы теңге бағамының күшеюіне әкелді. Сарапшылар мұны ішкі нарықтағы ұсыныстың артуымен және сыртқы экономикалық факторлармен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Әуежайда өз-өзін өртеген адамға қатысты іс тоқтатылды
Алматы әуежайында өз-өзін өртеген ер азаматқа қатысты қозғалған іс тоқтатылды. Полицияның мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу немесе соған итермелеу» бойынша жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Алматы мектептерінде жаңа жылдық іс-шаралар өтпеуі мүмкін бе?
Алматыда балалар арасындағы ЖРВИ деректерінің өсуіне байланысты жаңа жылдық іс-шараларды өткізу шектелуі мүмкін. Дегенмен, қалада толық тыйым салу әзірге қарастырылмаған. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асель Қалыкова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 03 Желтоқсан, 2025
Азаматтар неліктен әлі күнге дейін тегін дәрі-дәрмек ала алмай отыр?
Елімізде кейбір азаматтар үшін тегін дәрі-дәрмектердің жеткіліксіздігі әлі де өзекті мәселе болып тұр. Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл жағдайды түзету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Желтоқсан, 2025
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Петропавлда тарақандар өріп жүрген гимназияның директоры жұмыстан шығарылды
Солтүстік Қазақстан облысында ата-аналар Петропавлдағы гимназия асханасында санитарлық талаптың сақталмауына қатысты шағым түсірген. Өңір әкімдігі осы шағым негізінде аймақ мектептерінің асханасы түгел тексерілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Желтоқсан, 2025
«Даму» қоры алғаш рет цифрлық теңгемен несие берді
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Halyk Bank арқылы жылдық 12,6% мөлшерлемемен жеңілдетілген цифрлық несие берді. Оған Ұлттық банк қолдау көрсетті. Цифрлық теңгені пайдаланған алғашқы клиент – павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Тергеу қорытындысы қашан жарияланатыны белгілі болды
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағына қатысты тергеу жұмыстары жақын арада аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 03 Желтоқсан, 2025
Ресми мәлімдеме: Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегі өтпейді
«The Ring magazine» басылымы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалғанын хабарлаған еді. Отандасымыздың командасы осы дауға қатысты Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек өтпейтінін ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Желтоқсан, 2025
«Ордабасы» футбол клубының экс-президенті Түркияда қашып жүр
Аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Бахтияр Байсейітовті экстрадициялау туралы Түркияға сұрау жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.