Фото: Көлік министрлігі
Тоннасына 1 000 доллар
Көлік министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп, «ҚазМұнайГаз – Аэро» компаниясының әуежай инфрақұрылымына, оның ішінде өңірлік әуежайларға тікелей қолжетімділігін қамтамасыз етті.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан әуежайларында әуе керосинді өткізу бағасы тоннасына 1 000 доллардан аспайды. Жаңартылған баға бойынша Turkish Airlines, Fly Dubai, Air Cairo, Somon Air, AJet, Pegasus Airlines, Red Sea Airlines, One Air, Hungary Airlines, Fly Meta әуе компаниялары жанармаймен қамтамасыз етілді.
Баға одан әрі арзандайды
«ҚазМұнайГаз – Аэро» делдалдарсыз әуе компанияларына тікелей жанармай құю көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты әуе керосин бағасының кезең-кезеңімен одан әрі төмендеуі күтіледі.
Қазіргі уақытта отандық әуе компаниялары қызмет көрсететін көршілес мемлекеттерде әуе керосин бағасы тоннасына 1 200-1 300 доллар аралығында тұр.
Қазақстанда 2026 жылы қандай жаңа әуежайлар мен әуе рейстері іске қосылады
«Ашық аспан» режимі
Сонымен қатар, Қазақстанның 17 әуежайында рейстер саны мен бағыттарға қойылатын шектеулерді алып тастайтын «ашық аспан» режимі қолданылады. Бұл режим шетелдік әуе компанияларына әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалана отырып, Қазақстанға және оның аумағы арқылы ұшуларды орындау құқығын береді.
Аталған шаралар авиация саласында өңірлік көшбасшылықты нығайтуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Әуе рейстері мен пойыздардың саны артады: Билет құны қымбаттай ма?