Спорт • 16 Қаңтар, 2026

«Реал» Холандқа көз тігіп отыр: Клуб президенті «Манчестер Сити» жұлдызын қатарға қосуды қалайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес «Манчестер Ситидің» шабуылшысын команданың «құтқарушысы» деп санап, оны осы жазда сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Реал» Холандқа көз тігіп отыр: Клуб президенті «Манчестер Сити» жұлдызын қатарға қосуды қалайды

Фото: Ашық дереккөз

Sky Sport DE басылымының хабарлауынша, «Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холандтың трансферін басты мақсат етіп бекітті. Перес норвегиялық шабуылшыны клубтың қазіргі дағдарыстан шығаратын негізгі тұлғасы ретінде көреді.
 
Айта кетейік, соңғы екі ойында «Реал» 2:3 есебімен Испания Суперкубогінің финалында «Барселонадан» және Испания кубогінің 1/8 финалында екінші дивизионда ойнайтын «Альбасетеден» жеңілген еді.
Мадридтік клуб Холандты осы жазда-ақ құрамға қосуға күш салмақ. Қазіргі уақытта клуб футболшының жақындарымен және оның агенті Рафаэла Пиментамен тікелей байланыс орнатқан. Дереккөздердің мәліметінше, Холандтың өзі де Испанияға қызығушылық танытып отыр және «Реалға» ауысуды өз мансабындағы шешуші белес деп санайды.
Дегенмен бұл трансферді жүзеге асыру үлкен қиындықтармен байланысты. Эрлинг Холандтың «Манчестер Ситимен» қазіргі келісімшарты 2034 жылға дейін жасалған, әрі ағылшын клубының басшылығы өз жұлдызын жіберуге ниетті емес.
Эрлинг Холанд «Манчестер Сити» сапына 2022 жылдың жазында Дортмундтың «Боруссиясынан» 60 млн еуроға ауысқан болатын. Ол биылғы маусымда өткізген 29 матчта 26 гол соғып, 4 нәтижелі пас беріп үлгерді. 
Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42