Заң • 16 Қаңтар, 2026

Жас қыздың өлімі: Шымкентте полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 қаңтар күні сағат 18:40-та Шымкенттегі Төлеметов көшесі бойындағы №69/39 үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылған. Қалалық полиция департаменті күдіктіні қолға түсіріп, тергеу басталғанын хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.

Жас қыздың өлімі: Шымкентте полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды

Фото: gov.kz

Бұған дейін әлеуметтік желіде марқұм Нұрай Серікбайдың туыстары істің әділ тергелуіне қатысты өтініш-тілегін жариялаған еді. 

Бүгін Ішкі істер министрлігі аталған кісі өлімі фактісі бойынша тергеу барысын бақылауға алғанын мәлімдеді. 

«Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлер мен уәждер бойынша қызметтік тексеру тағайындалды. Қазір күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша күдіктінің барлық әрекетіне құқықтық баға беріледі», делінген министрлік мәліметінде.

Қазір тергеу-жедел іс-шаралар кешені жалғасып жатыр. ІІМ тергеу барысында түскен мәліметтер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талданатынын хабарлады.

Сондай-ақ ведомство кінәлі адам тиісті жазасын алуы үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтынын ескертіп отыр.

Еске салайық, Нұрайдың өлімі бойынша күдікті Шерхан Аймахан деп танылды. 

Марқұмның туыстары күдікті Нұрайдың әр қадамын аңдығанын жеткізді.

Ал құрбылары қайғылы оқиғаға дейін Шерхан Аймахан Нұрайды еркінен тыс алып қашқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар