П
Медицина • 30 Қаңтар, 2026
40 млрд теңге инвестиция: «Nobel» компаниясымен ірі келісімге қол қойылды
Денсаулық сақтау министрлігінде жаңа фармацевтикалық өндіріс құруды көздейтін «Nobel» компаниясымен ірі инвестициялық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кітапхана • 30 Қаңтар, 2026
«Алтыналмас» компаниясы Қызылордада 20 млрд теңгеге заманауи кітапхана салады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың V отырысында Қызылорда қаласында заманауи, көпфункционалды кітапхана салу туралы жоспарын жариялады. Президенттің айтуынша, білім мен кітап оқу мәдениеті – ұлт дамуының негізгі тіректерінің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 30 Қаңтар, 2026
Ұлттық кітапхана: Ғылыми кеңес қандай еңбектерге оң баға берді?
Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Ғылыми кеңестің екінші отырысы өтті. Жиында «Ұлттық кітап. Библиографиялық тарихи шежіре», «Ғасырлар құпиясындағы Отырар кітапханасы», «Кітапханашы нұсқаулығы», «Қазақстан кітапханаларындағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер», – «Тәуелсіздіктің 35 жылындағы Қазақстанның көпшілік кітапханалары: деректер мен оқиғалар хроникасы (1991-2025)» секілді жеті еңбекке оң қорытынды берілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қаңтар, 2026
34 секунд айырмашылық: Кениялық желаяқ әлем рекордын жаңартты
Әрі жарыс әрі мереке саналатын марафонда небір қызықтар мен адам таңғаларлық нәтижелер жиі болып тұрады. Мәселен, 2023 жылдың 8 қазанында Чикаго көшелерінде болған марафон тарихта қалды. Кениялық желаяқ Келвин Киптум 42,195 шақырымдық жарыста мәреге 2 сағат 35 секундта келіп, әлем рекордын жаңартты. Бұл нәтиже World Athletics тарапынан ресми түрде бекітілді. Рекорд 6 ақпан 2024 жылы ратификацияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қаңтар, 2026
Сулумов жекпе-жекке шығудан бас тартты: АСА лигасы «Спартакқа» жаңа қарсылас іздеп жатыр
6 ақпанда Мәскеу қаласында аралас жекпе-жектен АСА 200 турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2026
Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты
Петропавл қаласында бір жарым жыл бойы әйелді аңдып, оның мазасын алған 37 жастағы ер адам сотталды. Сондай-ақ ол 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев испан халқына бақ-береке тіледі
Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 30 Қаңтар, 2026
Әскери топограф күні: Цифрлы ұрыс алаңы қалай жасақталады?
30 қаңтар күні Қарулы күштердің топографиялық қызметінің мамандары кәсіби мерекесі – Әскери топограф күнін атап өтеді. Аталған мамандар әскерді топогеодезиялық, навигациялық және гидрометеорологиялық қызмет қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Қаңтар, 2026
Елде қанша кәсіпорын тауар өндірумен айналысады?
Отандық өндірушілерді қолдау және сауда-өнеркәсіп саясатын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімі» (ҚТӨ) мемлекеттік ақпараттық жүйесі кезең-кезеңімен толықтырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2026
Петропавлда аялдамаға қоқыс тастаған тұрғын арнайы қызметті аяғынан тік тұрғызды
Қаңтардың қақаған күндерінің бірінде Петропавлдың Батыр Баян көшесіндегі жүргіншілері аялдамада толып тұрған иесіз пакетті көріп, полицияға хабар берген. Ішінде жарылғыш заты болуы мүмкін деп ойлаған полиция көшені сол жерден дереу жауып, саперлер шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Балалардың психологиялық қауіпсіздігі: Қазақстанда бірыңғай цифрлы платформа құрылады
«Қазақстан балалары» 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында балаларды психологиялық диагностикадан өткізу және оларды сүйемелдеу бойынша бірыңғай цифрлы платформа құру жоспарланып отыр. Бұл бастама тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және бала құқығын қорғау жүйесіндегі педагог-психологтардың рөлін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 29 Қаңтар, 2026
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына шықты
Әйелдер арасында әлемнің бесінші, еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына жолдама алды. Ол жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы қапы қалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 29 Қаңтар, 2026
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үш голкиперінің бірі атанды
UEFA Чемпиондар лигасы 2025-2026 жылғы маусымының негізгі кезеңіндегі үздік қақпашыларды анықтады. Үздіктер сапында алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков те бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қаңтар, 2026
Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың арасында елге танымал саясаткер, Конгресс мүшесі Диоген Кинтеро бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2026
ОПЕК қоры Қазақстанның жеке секторын қаржыландырады
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Сенат қару иелері мен күзет ұйымдарына талапты күшейтпек
Сенат күзет қызметі, қару айналымы және күштік құрылымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету салаларын жетілдіруге бағытталған заңды мақұлдады. Құжат қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, құқық қолдану тетіктерін анағұрлым икемді әрі тиімді етуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Алматыдағы жекеменшік мектепте оқушы өзіне қол жұмсамақ болды
Алматыдағы беделді QSI жекеменшік мектебінде болған жағдайға байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тексеріс бастады. Өзіне қол жұмсауға әрекеттенген оқушы ауруханаға жеткізілді, ал полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 29 Қаңтар, 2026
Павлодарда ірі көлемдегі есірткі қоры жойылды
Павлодар полициясы заңсыз айналымнан 44 келі есірткі затын анықтап, оларды өртеу тәсілі арқылы жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қаңтар, 2026
Мұздай суға түскен 96 күн: Спортшының салауатты өмір салты
Қонаев қаласының тұрғыны Сабыржан Ерланов 90 күннен астам уақыт бойы аязға қарамастан Қапшағай суына шомылып келеді. Ол бұл қадамы арқылы өңірде салауатты өмір салтын насихаттап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 29 Қаңтар, 2026
Мектеп оқушыларына заң мен тәртіп қағидаты айтылды
Астанадағы №119 мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Жаңаөзендегі дәрігер өлімі: ІІМ өкілі пікір білдірді
Жаңаөзен қаласында дәрігер-терапевттің өліміне қатысты қылмыстық істің тергелу барысына Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха пікір білдірді. Сенатта өткен брифинг барысында ол бұл істің жаңа заң шеңберінде қалай саралануы мүмкін екеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Наурыздан бастап қоғамдық орындарды қоқысқа толтырғандар қатаң жазаланады
Қалалар мен елді мекендердегі қоғамдық жұмыстарды қадағалауды күшейтуге бағытталған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер 2026 жылдың наурыз айында күшіне енеді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қаңтар, 2026
Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Президентке сот төрелігін іске асырудың былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Асламбек Мерғалиев сот төрелігінің сапасы тұрақты түрде сақталғанын айтты. Жоғары тұрған сот сатылары сот актілерінің 98,8 пайызын түзетпеген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қаңтар, 2026
Париждегі Үлкен дулыға турнирінде ел намысын кімдер қорғайды?
7-8 ақпан аралығында Франция астанасы Парижде дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы 2026 жылдың алғашқы жарысы өтеді. Спортты дамыту дирекциясы жаһандық бәсекеде ел намысын қорғайтын дзюдошылардың есімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Қаңтар, 2026
Қос дипломды жоба: АҚШ-та оқыған 29 студент елге оралды
Шетелдік жоғары оқу орнымен бірлесіп қос дипломды бағдарламалар бойынша оқитын алғашқы студенттер АҚШ-тағы оқу семестрін аяқтап, Қазақстанға оралды. Президенттің елімізде жетекші шетелдік ЖОО филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыруды бастаған алғашқы отандық ЖОО Қозыбаев университеті болды. Стратегиялық серіктесі – Аризона университеті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 29 Қаңтар, 2026
«Самара-Шымкент» тасжолында автобус аударылды
Қызылордада күн райы құбылып тұр. Осыған байланысты жол қауіпсіздігін бақылайтын полицейлер қауырт жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
95 млн теңге шығын: «7-20-25» бағдарламасын сылтау еткен брокер сотталды
Астанада 2021-2025 жылдар аралығында Instagram арқылы өзін ипотекалық брокер ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған 30 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Пойыз билеттеріне 25% жеңілдік: Қай бағыттар қамтылған?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттерінің бағасына жеңілдік жасалатынын хабарлады. Компания мәліметінше, аталған жеңілдік тек аптаның белгілі бір күндерінде жөнелтілетін пойыз бағыттарында қолданылады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2026
Роман Скляр Теңіз кенішіндегі өндірістің уақытша тоқтап қалуына алаңдаушылық білдірді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Шеврон» корпорациясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесу өткізді. Жиынға энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов те қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2026
Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің құрылтайшысы болды
Қазақстан Дональд Трамп бастамашы болған жаңа халықаралық құрылым – Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушы мемлекеттердің бірі ретінде ресми мәртебе алды, деп хабарлайды Egemen.kz.