Фото: canva
Келісімді іске асырудың басты нәтижесі – жеке секторды тікелей қаржыландыруға арналған орнықты құқықтық алаңның қалыптасуы. Қаржыландыру тетіктері ретінде Қордың қарыздары, кепілдіктері және өзге де құралдары пайдаланылмақ. Бұл, өз кезегінде, отандық кәсіпкерлікті қолдауға және экономиканың нақты секторын дамытуға серпін береді.
ЕАЭО-да өнімді бақылау ережесінің өзгерістері ратификацияланды
«Қаралған заң Қазақстан мен OPEC халықаралық даму қорының арасында ынтымақтастықты дамыту үшін әзірленді. Келісім еліміздің мүддесіне сай келетін жобаларды Халықаралық қордың қаражаты есебінен қаржыландыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты қаржыландыру тетіктері жан-жақты реттеліп отыр. Жалпы, заңның мақұлдануы еліміздің инвестициялық ахуалына оң ықпалын тигізеді деп сенеміз», деді Сенат Төрағасы.
Пайыздық мөлшерлемелер жылдық 2,5%-дан 5%-ға дейін, жеңілдікті кезең 6 айдан 24 айға дейін көзделеді. Қарыз алу мерзімі 22 жылға дейін болуы мүмкін.