Сөйтсе... Ол үйіндегі қоқысын контейнерлерге жеткізуге ерінген 65 жастағы шалдың (мұндайды қарт деп, ақсақал деп атаудың өзі артық) әлегі болып шықты. Зейнет жасына дейін өзі де көше сыпыру жұмысында істеген ол қоқысты кез келген жерге тастауға болмайтынын ұқпапты. Екі жыл бұрын оның әйелі де осындай ісі үшін айыппұл төлеген екен.
Наурыздан бастап қоғамдық орындарды қоқысқа толтырғандар қатаң жазаланады
Полиция әкімшілік жаза беру үшін шалдың ісін сотқа жөнелтті. Енді оған көлемді айыппұл салынуы мүмкін. Бірақ сақалды басымен жұртты қасақана дүрліктерген, полицияны дабылдатқан, оның ішінде қаншама уақыт өзін іздетіп, құқыққорғаушылардың уақытын алған әлегі үшін оған қатаң жаза берілсе де артық болмас еді.
ПЕТРОПАВЛ