Қоғам • 29 Қаңтар, 2026

95 млн теңге шығын: «7-20-25» бағдарламасын сылтау еткен брокер сотталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 2021-2025 жылдар аралығында Instagram арқылы өзін ипотекалық брокер ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған 30 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

95 млн теңге шығын: «7-20-25» бағдарламасын сылтау еткен брокер сотталды

фото: ашық дереккөз

Прокуратураның мәліметінше, ол азаматтарға «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алып беруге көмектесемін деп уәде еткен, сондай-ақ жоғары табыс әкеледі деп жиһаз жобасына инвестиция салуды ұсынған.

Адамдарды жаңылыстырып, ірі көлемдегі қаражатты өзіне аударуға көндірген, алайда ақшаны алған соң уәделерін орындамай, қаржыны өз пайдасына жаратқан. Нәтижесінде 25 адам зардап шеккен, келтірілген жалпы шығын 95 млн теңгеден асқан.

Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяққа 20 млн теңгесін аударып қойған

Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын, кәмелетке толмаған баласының барын, сондай-ақ залалды ішінара өтеуін ескере отырып, оны 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Прокуратура ел тұрғындарына  интернетте ақпаратты мұқият тексеру қажеттігін ескертеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін ойластыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар